Метка: жаза

  • Костенко шахтасындағы жарылыс: айыпталушыларға ең жоғарғы жаза сұралды

    Костенко шахтасындағы жарылыс: айыпталушыларға ең жоғарғы жаза сұралды

    Қарағандыда 2023 жылдың күзінде 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыс ісі бойынша жарыссөз басталды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Айыпталушылар орындығында — шахтаның басшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлері бар 10 адам. Тоғыз айыпталушы қамауда, біреуі — қолхатпен босатылған. Оларға ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылған — кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, адам өліміне әкелу.

    Мемлекеттік айыптаушылар Әділ Садыков пен Бекзат Аширбеков ең жоғарғы мерзім сұрады: 8 жыл — шахтаның үш басшысына, 7 жыл — бес маманға, 6 жыл — желдету және қауіпсіздік учаскесінің бастығына. Прокурорлар қамауда өткен 1 жыл 8 айды жаза мерзіміне қосуды ұсынды, бұл шамамен 3,5 жылға тең.

    Тергеу дерегінше, шахтада метан концентрациясы жиі асып кеткен, өрттер болған, жабдық жөндеусіз қолданылған, ал жарылыстың алдын алатын жүйелер іске қосылмаған. Прокуратураның айтуынша, айыпталушылардың кінәсін 250-ден астам куәгердің жауабы, сараптамалар және комиссия актілері дәлелдейді.

  • Үкімет 12 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты қабылдамады

    Үкімет 12 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты қабылдамады

    Үкімет басшысы мәжіліс депутатының балаларды 12 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысын қабылдамады. Олжас Бектеновтің пікірінше, бұл жаста балалар өз әрекетінің қоғамға қауіп төндіретінін толық түсінбейді. Бұл — балаларды қорғау мен тәрбиелеуге қатысты құқықтық және гуманистік көзқарастарға қайшы келеді, деді. Премьер-министрдің жауабында әлемдік тәжірибе бойынша Германия, Жапония, Ресей, Финляндия және Ұлыбританияда қылмыстық жауапкершілік 14-15 жастан басталады, деліген. Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов кәмелет жасына толмағандар үшін қылмыстық жауапкершілікті 14-тен 12 жасқа дейін төмендетуді ұсынған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері балалар қылмысы 4,1% өскен. Жыл басынан бері 1263 жағдай тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 50 фактіге көп.

  • Қазақстанның 900 азаматы жазасын шетелде өтеп жатыр

    Қазақстанның 900 азаматы жазасын шетелде өтеп жатыр

    Ал, 1 мыңнан астам шетелдік Қазақстанда жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

    «Қазір еліміздің 900 азаматы жазасын шетелде өтеп жатыр. Кейінгі 5 жылда 160 адамды Қазақстанға қайтардық. Биылғы 9 айда 24 адам қайтарылды. Сонымен қатар үшеуіне қатысты қайтарудан бас тарттық», — деді Ғ. Қойгелдиев Мәжілістің жалпы отырысында.

    Сонымен қатар ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге шетелде жазасын өтеп жүрген 900 адамның басым бөлігі Ресейде қамауда отырғанын айтты.

    «1 мыңнан астам шетелдік Қазақстанда жазасын өтеп жатыр, олардың көбісі Өзбекстан азаматы», — деді Бас прокурордың орынбасары.

    Оның сөзіне қарағанда, еліміздің жастары оңай ақша табамыз деп шетелге барып, келеңсіз жағдайларға ұрынып жатыр.

    «Осындай оқиғалар өте көп. Әсіресе, есірткі тасымалдау әрекетімен істі болып отыр. Бұл жаза бойынша сотталғандарға өте ауыр түседі», — деді Ғалымжан Қойгелдиев.

  • Қайрат Сатыбалдыұлының жазасы жеңілдейді

    Қайрат Сатыбалдыұлының жазасы жеңілдейді

    Мұны Өскемен қалалық №2 сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

    Соттың үкімімен кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.

    Ол өзінің өтініш хатында жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы жазған.

    Прокурор кәсіпкердің хатын қанағаттандыруды сұрап, Қайрат жазаны ауыстыру үшін барлық шартты орындағанын, мемлекетке өз еркімен активтерді қайтарғанын алға тартқан.

    Қайрат Сатыбалдыұлы орташа ауыр және ауыр қылмыс жасаған. Ол жазаның 1/3 бөлігінен астамын өтеген.

    Түзеу мекемесінің әкімшілігі оған оң бағасын берген.

    Ол мемлекетке келтірілген залалды толық өтеген. Сот үкімімен өндіріп алынған сомалар (іс жүргізу шығындары, мәжбүрлі төлем) төленген.

    «Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот жазасын өтеушінің өтініш хатын қанағаттандырды және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды», — деп жазды соттағылар.

    Кәсіпкер пробациялық бақылауға алынды. Тұрақты жұмысы болмаған жағдайда сотталушы жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады.

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    Еске салайық, бұған дейін сот үкімімен Қайрат Сатыбалдыұлы Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі, 189-баптың 4-бөлігі 2) тармағы («Сеніп тапсырылғанның мүлкін жымқыру»), 28-баптың 3-бөлігі, 195-баптың 2-тармағы («Ұрлық жасау мақсатынсыз залал келтіру») бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан 10 жылға айырылып, 6 жылға сотталған еді.