Метка: жекпе-жек

  • Жәнібек Әлімханұлы Астанада кіммен қолғап түйістіреді?

    Жәнібек Әлімханұлы Астанада кіммен қолғап түйістіреді?

    Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз титулдарын қорғау үшін 2025 жылғы 5 сәуірде Астанада рингке шығады. Оның қарсыласы –  франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО).

    Бұл бокс кешін ұйымдастыруды Nomad Promotions компаниясы қолға алса, жекпе-жек ESPN+ платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.

    31 жастағы Әлімханұлы WBO чемпиондық белбеуін бесінші рет, ал IBF титулын екінші рет қорғайды. Ол соңғы рет 2024 жылдың қазан айында рингке шығып, Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичті тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген.

    Ал 28 жастағы Нгамиссенге үшін бұл оның мансабындағы ең маңызды жекпе-жек болмақ. Француз боксшысы алғаш рет әлем чемпионы атағы үшін таласып, 12 раундтық жекпе-жекке қатысады. ESPN рейтингінде орта салмақтағы ТОП-10 боксшылар қатарына кіргенімен, жоғары деңгейдегі қарсыластармен айқас тәжірибесі жоқ. Соңғы кездесуін 2024 жылдың маусымында өткізіп, Сандро Джаджанидзені үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.

  • Шавкат пен Белал мамыр айында кездеседі

    Шавкат пен Белал мамыр айында кездеседі

    Бұл Белал Мұхаммедтің жартылай орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегі болмақ, ал Шавкаттың шаршы алаңдағы 20-шы кездесуі. Қазіргі уақытта UFC 315 турнирінің қай жерде өтетіні туралы ресми ақпарат жоқ. Әдетте, UFC оқиғаның өтетін орнын бірнеше ай бұрын хабарлайды.

    Жанкүйерлер, пікір алаңында Шавкатқа сақ болу керектігін, Белалды Хабибтің дайындап жатқанын айтып ойларын жазуда.

    Еске сала кетейік, Шавкат пен Белал 2024 жылы 7 желтоқсанда Лас-Вегаста жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ Мұхаммед аяғына микроб жұқтырғандықтан келісім тоқтаған болатын.

  • Асу Алмабаевтың кезекті жекпе-жегінің уақыты анықталды

    Асу Алмабаевтың кезекті жекпе-жегінің уақыты анықталды

    Әлемнің ең үздік тұжырымы UFC-де қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізген Асу Алмабаевтың шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды.

    Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асу Алмабаев UFC-дегі соңғы жеңісінен кейін тұжырымның аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде 7-орынға көтеріліп, чемпиондық белбеуге бір табан жақындаған еді. Енді Алмабаев 2025 жылдың басында шаршы алаңға қайта оралуды жоспарлап отыр. Ол келесі жекпе-жегін 1 наурыз күні өтетін UFC Fight Night 253 турнирінде өткізеді. Дегенмен қарсыласы әлі белгісіз.

    Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін Матеус Николауға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жеткен еді.

  • Қазақстандық жас боксшы Тимур Баситов Таиландта жеңіске жетті

    Қазақстандық жас боксшы Тимур Баситов Таиландта жеңіске жетті

    20 жастағы қазақстандық боксшы Тимур Баситов Таиландта өткен жекпе-жекте бұрынғы WBC Silver чемпионын жеңіп, жанкүйерлерін бір қуантып тастады.

    Тәжірибелі қарсылас 14 жекпе-жекте 11 нокаутпен ерекшеленген. Алайда жас спортшы еш мойымай, қарсыласын 6-шы раундта төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп шықты.

    Тимурдың бұл жеңісі оның халықаралық аренадағы спорттық мәнсабын үлкен жетістіктерге бастайды. Жас боксшы алдағы уақытта Қазақстанның намысын қорғап, жаңа белестерді бағындыруға уәде берді.

  • Шавкат Рахмонов UFC-дегі жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

    Шавкат Рахмонов UFC-дегі жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) ирландиялық спортшы Иэн Гэрримен (15-0) UFC 310 турнирінде өтетін жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады.

    Бұл туралы қазақстандық спортшы Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.

    Шавкат келесі жеңіске бет алды, — деп жазып, жаттығу барысынан бірнеше суретін жариялады.

    Сондай-ақ DAR PRO TEAM командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен Иэн Мачадо Гэрридің бір жаттығу залында дайындалып жатқан видеосы жарияланған болатын.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен жекпе-жек өткізеді.

    Шавкат Рахмонов – Иэн Гарри жекпе-жегінің жеңімпазы UFC чемпионы Белал Мухаммадтың келесі қарсыласы болады. Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын.

    Шавкат MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен. Ал 27 жастағы Иэн Гэрри өз мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ол соңғы рет 29 маусымда Майкл Пейджді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

  • Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтпейтін болды

    Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтпейтін болды

    Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров  (28-0, 28 КО) 28 қыркүйек күні шаршы алаңға шықпайтын болды. 

    «28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын», — деп жазды боксшы.

    Жанқош Алматыда екі бірдей чемпиондық атағын қорғау үшін 28 қыркүйекте шаршы алаңға шығады деп күтілген еді. Қарсыласы бұрын-соңды жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын.

  • UFC-да қазақстандық жаңа файтер өнер көрсетеді

    UFC-да қазақстандық жаңа файтер өнер көрсетеді

    Қазақстандық файтер Николай Веретенников (12-4) UFC-да тартысты ойын көрсетпек.

    Шетелдік дереккөздерге сүйенсек, спортшы қысқа хабарламада бірде-бір рет жеңілмеген американдық Дэнни Барлоумен (8-0) жекпе-жекті қабылдаған. Дода 10 тамыз күні өтіп, UFC Vegas 35 турнирінің бір бөлігі болмақ.

    Айта кетейік, Николай Веретенников АҚШ-та тұрады. UFL лигасында соңғы үш жекпе-жегін өткізіп, бәрінде жеңімпаз атанған. Ол 2021 жылы UFC-да Майкл Моралеске есе жіберген.