Метка: Жітіқара

  • Жітіқарада сумен жабдықтау желілерін салу кезіндегі заңбұзушылықтар анықталды: мемлекетке 112 млн теңге қайтарылды

    Жітіқарада сумен жабдықтау желілерін салу кезіндегі заңбұзушылықтар анықталды: мемлекетке 112 млн теңге қайтарылды

    Жітіқара ауданында сумен жабдықтау желілерінің құрылысына қатысты игерілмеген аванс прокуратураның араласуынан кейін өндіріліп, мемлекет кірісіне 112 млн теңге қайтарылды, деп хабрлайды Sona.kz Azattyq.ruhy-на сілтеме жасап.

    Салалық ведомствоның ақпаратына сәйкес, аудандық прокуратура мемлекеттік жобаларды орындау кезінде мердігер ұйымдарға қатысты қабылданатын шаралардың толықтығына талдау жүргізген. Тексеру барысында «Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2022 жылы «Теплоэнергострой» ЖШС-мен жалпы құны 880,8 млн теңге болатын Чайковское ауылын сумен жабдықтау желілерін салу туралы шарт жасасқаны анықталды. Мердігерге 107,4 млн теңге аванс төленіп, бұл сома сақтандыру компаниясында қамтамасыз етілген.

    Алайда мердігер келісімшарт талаптарын орындамаған: орындалмаған жұмыс көлемі 338,1 млн теңгені құрады, ал аванс игерілмей қалған. Шарт біржақты тәртіппен бұзылғанымен, «Теплоэнергострой» ЖШС авансты ерікті түрде қайтармаған. Сақтандыру ұйымы да төлем жасаудан бас тартқан.

    Прокуратураның актісінен кейін құрылыс бөлімі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді. Сот шешімімен сақтандыру компаниясынан бюджетке 112 млн теңге өндірілді.

    Сонымен қатар, «Теплоэнергострой» ЖШС бұған дейін мемлекеттік сатып алуға жіберілмейтін қатысушы деп танылып, оған 34 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

    Құрылыс бөлімінің жауапты қызметкерлері заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

    Құрылысты аяқтау үшін «Story Company Inc» ЖШС-мен жаңа келісім жасалып, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталғаны, техникалық құжаттаманы келісу жүріп жатқаны хабарланды.

  • Жітіқарадағы оқиға: 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

    Жітіқарадағы оқиға: 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

    Қостанай облысы Жітіқара қаласында өрт шығып, бір сәтте бес баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді.

    Өңір әкімдігінің мәліметінше, жеке үйде шыққан өртте бес баласынан айырылған отбасыға қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілген.

    Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорының бастамасымен отбасыға екі бөлмелі пәтер сатып алынды», – делінген әкімдік хабарламасында.