Метка: Жоғарғы сот

  • Алты судья ​заңдылықты бұзғаны үшін жазаланды

    Алты судья ​заңдылықты бұзғаны үшін жазаланды

    Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті. Онда 8 судьяға қатысты 8 тәртіптік іс қаралды.

    Істерді қарау қорытындысы бойынша заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды: 4 судьяға қатысты сөгіс түріндегі тәртіптік жаза, 2 судьяға қатысты ескерту түрінде жаза қолданылды.

    Сонымен қатар 2 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу олардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

    Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, тәртіптік жаза қолданылған судьялар Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

  • Шерзат Полат ісі: Сотталушылар істі алқабилердің қарауына қарсы болды

    Шерзат Полат ісі: Сотталушылар істі алқабилердің қарауына қарсы болды

    Айыпталушылар сот отырысын алқабилердің қатысуымен өткізуге қарсылық білдірді. Қылмыстық іс бойынша 9 адам айыпталып отыр.

    Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық», 99-бабы 2-бөлігі 4-5-тармағы «Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру», 24-баптың 3-бөлігі «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу»;

    Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық», 99-бабы 2-бөлігі 7-9-тармағы «Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру»;

    Белқожаев Шыңғыс, Аскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Нұрбол, Ғалиахмет Дидар, Тоқтаубаев Азамат – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық»;

    Ысқақ Думан – Қылмыстық кодекстің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау».

    Сот отырысының онлайн трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-каналында  көрсетіледі.

  • Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот онлайн өтеді

    Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот онлайн өтеді

    ҚР Жоғарғы Соты республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

    Бүгін, 2025 жылдың 10 сәуірінде сағат 12:00-де Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.

    Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады.

    Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналында мына сілтеме бойынша көруге болады:

    Жоғарғы Соттың Telegram арнасына жазылыңыз: https://t.me/Jogargy_sot және әлеуметтік желілердегі Жоғарғы Соттың ресми аккаунттары бойынша жаңартуларды қадағалаңыз.

     

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)

  • Сенат Жоғарғы соттың судьяларын қызметтен босатты

    Сенат Жоғарғы соттың судьяларын қызметтен босатты

     Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышев Жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті.

    Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президентке оларды зейнеткерлікке шығатын болған соң, босату туралы ұсыныс жасады.

    «Судьялар зейнеткерлік жасқа жетті. Сот жұмысында 28-37 жылдық тәжірибелері бар. Кәсіби ортада құрметтері бар», – деді Малахов.

    Сонымен қатар сенаторлар Жоғареы есеп палатасының мүшесі Рашид Ахметовты босату жайлы мәселені де қарастырды.

    «2022 жылдан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, одан кейін Жоғарғы аудит басқармасының мүшесі болды. 81-тармаққа сәйкес ескерту. Сенат Регламентінің 4-тармағына сәйкес Қаржы және бюджет комитеті Парламент Сенаты тағайындаған Жоғарғы Төрелік Соттың мүшесі Рашид Сайранұлы Ахметовтің өкілеттігін тоқтатып, қызметінен босатуды ұсынады», – деп түйіндеді сөзін депутат.

  • 9 айда 21 судья жауапқа тартылған

    9 айда 21 судья жауапқа тартылған

    Қазақстанда 9 ай ішінде 21 судья жауапқа тартылды. Бұл туралы Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова мәлімдеді.

    2024 жылдың тоғыз айында сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 21 судья жауапқа тартылды, – деді Сисенова Сенат отырысында.

    Оның айтуынша, 2023 жылдың осы кезеңінде тоғыз судья жауапқа тартылған.

  • Денис Теннің өлімі: Жоғарғы сот жазаны өзгеріссіз қалдырды

    Денис Теннің өлімі: Жоғарғы сот жазаны өзгеріссіз қалдырды

    Бүгін Жоғарғы сот мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болған спортшы Денис Тенді өлтірген адамдардың жазасын өзгеріссіз қалдырды.

    Айта кетейік, сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов тамыз айында Жоғарғы сотқа оларды ақтауды сұрап, шағым түсірген болатын.

    «Сот олардың шағымын қараудан бас тартты», — деп хабарлады Жоғарғы сот.

     

    Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде өлген.

    Сот үкімі бойынша Денис Тенге шабуыл жасаған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға бас бостандығынан айырылған.

    Сонымен қатар, Жанар Толыбаева ҚР ҚК «Қылмыс туралы хабарламау» 434-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол орташа 4 жылға сотталып, 2021 жылы бостандыққа шықты.

  • Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оны әкелік құқығынан айырмақ

    Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оны әкелік құқығынан айырмақ

    Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оны ата-аналық құқығынан айырғысы келеді.

    Назымның айтуынша Қуандық Бишімбаевты ата-аналық құқығынан айыру үшін арыз берген. Бірақ сот бас тартыпты. Себебі Салтанат Нүкенова Қуандықтың заңды әйелі болған жоқ. Демек Бишімбаев туысқанын немесе өз отбасының мүшесін өлтірген жоқ.

    Сондай-ақ Назым Қаһарман балаларының фамилиясын да ауыстырмақ болған, бірақ одан да бас тартыпты.

    «Өкінішке қарай қазір мен шындықты айтуға мәжбүрмін. Себебі көмек сұрағым келеді. Менің ойымша соттың бас тартуы – әділетсіз. Мен мұнда қоғамға, Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа жүгініп отырмын. Олардың назарын аударғым келеді», — деді Назым.

  • Жоғарғы сот мектепте орамал тағу заңды дегенді жоққа шығарды

    Жоғарғы сот мектепте орамал тағу заңды дегенді жоққа шығарды

    БАҚ-та және және әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат тарап жатыр.

    Істі қарау аясында Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды. Өйткені білім алу құқығы Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқығының бірі саналады.

    Сонымен қатар бейінді министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған, — деп жазылған Жоғарғы сот таратқан хабарламада.

    Сондай-ақ ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты. Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқығы мен мүддесін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады.

    Бұған дейін Жоғарғы сот хиджабтағы қыздардың құқығын қорғағаны хабарланған еді.