Метка: Жолаушы

  • Жолаушы саңырау таксисті алдап, ақшасын төлемей қашып кетті

    Жолаушы саңырау таксисті алдап, ақшасын төлемей қашып кетті

    Әлеуметтік желілерде есту қабілеті бұзылған Самат есімді такси жүргізушісінің оқиғасы тарады, деп хабарлайды Sona.kz Jagdai-ға сілтеме жасап.

    Автордың айтуынша, жүргізуші жауапсыз жолаушының құрбаны болған.

    Пост авторы жолаушы жолақыны әпкесі аударады деп сендіргенін айтады. Ол Саматтан бірнеше минут күте тұруды сұрап, өзі алыстап кеткен. Жүргізуші ақшаның түсуін күтіп біраз тұрғанымен, төлем жасалмаған, ал жолаушы із-түзсіз жоғалған.

    Автордың айтуынша, Самат олардың отбасының танысы, еңбекқор әрі сабырлы адам. Есту қабілеті шектеулі болса да, адал еңбегімен нәпақа табады. Ол ең өкініштісі — кейбір адамдар естімейтін немесе сөйлей алмайтын жүргізушілердің осалдығын пайдаланып, «ештеңе істей алмайды» деп ойлайтынын атап өтті.

    Бұл оқиға қоғамда үлкен талқылау тудырды. Пікір қалдырушылар таксистердің еңбегін құрметтеуге және мүмкіндігі шектеулі адамдарға түсіністікпен қарауға шақырды.

  • Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыға тіл тигізгені үшін жұмыстан босатылды

    Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыға тіл тигізгені үшін жұмыстан босатылды

    Телефон ұстап автобус жүргізген және жолаушыға дөрекілік танытқан жүргізуші қызметінен босатылды. Бұл туралы «Алматыэлектротранс» компаниясы хабарлады, деп жазады Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Оқиға 11 тамызда болды. Әлеуметтік желіде жолаушының жүргізушіге қозғалыс кезінде телефон қолданбау туралы ескерту жасаған сәті түсірілген видео тарады. Жүргізуші бұған агрессивті жауап беріп, жолаушының телефонын тартып алмақ болып, кейін оны автобустан итеріп шығаруға тырысқан.

    Компания тексеріс жүргізіп, жүргізушіге ішкі ережелерге сәйкес шара қолданғанын және ресми түрде кешірім сұрағанын мәлімдеді.

  • Такси жүргізушісін балағаттап, ұрған жолаушылар 15 күнге қамалды

    Такси жүргізушісін балағаттап, ұрған жолаушылар 15 күнге қамалды

    Алматыда көлік ішінде темекі тартуға болмайды деп ескерту жасаған такси жүргізушісін шапалақпен бір тартып, балағат сөздер айтқан екі жолаушы жауапқа тартылды.

    Алматы қаласының соты биыл сәуір айында такси жүргізушісіне қол жұмсап, балағаттаған екі жолаушыға қатысты істі қарады.

    Анықталғандай, такси жүргізушісі көліктің артқы орындығында отырған жолаушыға салонда шылым шегуге болмайды деп ескерту жасаған. Сөз көтере алмаған жолаушы жас жүргізушіні шапалақпен желкесінен бір ұрып, балағат сөздер айтқан.

    «Сот оны Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) бойынша кінәлі деп танып, 12 тәулікке қамауға алу және жәбірленушіге 100 000 теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді», — делінген хабарламада.

    Ал көліктің алдыңғы орындығында отырған тағы бір жолаушы такси жүргізушісін боқтағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

    Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

    Естеріңізге салайық, Алматыда такси жүргізушісі өзін ұрған агрессивті жолаушының іс-әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Полиция осы видео бойынша іс қозғап, бұзақыны ұстаған болатын.

  • Fly Arystan рейсінде ер адам бортсерік пен тағы бір жолаушыға қол көтерді

    Fly Arystan рейсінде ер адам бортсерік пен тағы бір жолаушыға қол көтерді

    Fly Arystan рейсінде жолаушы жан-жал шығарып бортсерікті ішінен ұрып тастаған, тағы бір жолаушыға қол көтерген. 

    Оқиға «Астана – Өскемен» бағытындағы рейсте болды. Бұл туралы Facebook парақшасында журналист Азамат Ерғалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, 47 жастағы ер адам бортта өзін өте дөрекі ұстап, басқа жолаушыларға қарсы жанжал шығарып, тіпті Ерғалиевтің өзіне де қол көтерген. Сонымен қатар, жолаушының бұл әрекетіне байланысты рейс 3,5 сағатқа кешіктірілді. Барлық жолаушылардың қауіпсіздігі үшін олар әуежай ғимаратына шығарылған.

    «Жолаушы мас күйде бортсеріктің ішінен ұрып, ұшақтан шығатын кезінде «бомба» деп айғайлап, жолаушылар мен экипаж арасында дүрбелең туғызған», – деп хабарлады көлік полиция департаменті өкілдері.

    Сондай-ақ, полиция бұзақылық және терроризм актісі туралы жалған хабарлама беру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғап, ер адам изоляторға қамалды.