Метка: Жолаушылар ұшағы

  • Торонто әуежайында жолаушылар ұшағы аударылды

    Торонто әуежайында жолаушылар ұшағы аударылды

    Торонтода қонуға дайындалып келе жатқан ұшақ аударылып, 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

    Delta Air Lines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Канаданың Торонто қаласындағы Пирсон халықаралық әуежайына қонар кезде апатқа ұшырады.

    Ұшақ дүйсенбі күні Миннеаполистен ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша сағат 14:45 шамасында апатқа ұшырады. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жарақат алғандардың үшеуінің жағдайы ауыр, олардың арасында бір бала бар. Қалған зардап шеккендер жеңіл жарақаттармен жергілікті ауруханаларға жеткізілген.

    АҚШ-тың федералды азаматтық авиация басқармасы ұшақтың қону кезінде аударылғанын растады. Ал Канаданың көліктегі қауіпсіздік кеңесі бұл оқиғаның тергеуін өз мойнына алып, жағдайға қатысты қосымша ақпаратты жариялайтынын мәлімдеді.

    Торонто әуежайындағы ұшу-қону жолақтары сейсенбіге дейін жабық болады. Қазіргі таңда құзырлы органдар апаттың нақты себебін анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

    Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

  • Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей мамандары тергеуге қатыстырылмайды

    Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей мамандары тергеуге қатыстырылмайды

    Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда өткен брифингте Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі ұшақтың құлауына Ресей ракетасының қатысы туралы сөз қозғады.

    Брифингте Бозымбаев Embraer өндірушісі мен халықаралық авиация комитеті ертең Ақтауға келетіндігін айтты. Сонымен қатар, ұшақ қалдықтар жиналған жоқ, бұл тергеу үшін қойылған талап екендігін жеткізді.

    Қанат Бозымбаев зымыран соққысына қатысты сұраққа да жауап берді. Ол кешегі сөзін қайталап, бәрі сарапшылардың қолында екенін атап өтті.

    «Біз ешбір нұсқаны растамаймыз және жоққа да шығармаймыз, тергеу жалғасуда», – деді вице-премьер.

    Сонымен қатар, Бозымбаев әлемдік БАҚ-та атқылау туралы не айтылып жатқандығына да тоқталды.

    «Иә, шынымен де қазіргі уақытта бірнеше сараптама, соның ішінде зерттеулер тағайындалған. Нәтижелер алынбайынша қандай да бір пікір айту немесе қорытынды жасау мүмкін емес», – деді Бозымбаев.

    Бозымбаевтың айтуынша, Қазақстанның ресми нұсқасы жоқ екендігін және  Әзірбайжан мен Ресей де өз нұсқаларын Қазақстанға ұсынбаған.

    Ресей мен Әзірбайжанның құқық қорғау органдары криминалистикалық тергеуге қатыстырылмайды (ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес), бірақ авиациялық оқиғаға қатысты тергеуге қатыса алады.

    Сондай-ақ, Ресей мен Әзірбайжанның құқық қорғау органдары (ҚР қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес), криминалистік тергеуге қатыстырылмайды. Бірақ, авиациялық оқиғаға қатысты тергеуге қатыса алатындығын айтты.

  • Ақтау маңында жолаушылар ұшағы құлады

    Ақтау маңында жолаушылар ұшағы құлады

    Azerbaijan Airlines-тің Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ құлады. Baza айтуынша, апатқа ұшыраған ұшақтың бортында 67 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. Тағы бір ақпарат көздерінде бортта тіпті 105 адам болғаны туралы айтылуда.

    Ақтауда ұшақ апаты болған орыннан 12 адам, оның ішінде бір бала Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

    Алдын ала ақпарат бойынша апатқа ұшақтың құстармен соқтығысуы себеп болған. Әзербайжан ақпараттық агенттіктерінің хабарлауынша, әуе кемесі тұманға байланысты Грозныйға қонуға рұқсат ала алмаған.

    Бұл «Баку – Грозный» № J2-8243 рейсін орындаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы. Ол Ақтауға жақын маңда қонуға мәжбүр болған, – жазады БАҚ.