Метка: жолбарыс

  • Келер жылы Қазақстан Ресейден 4 жолбарыс әкеледі

    Келер жылы Қазақстан Ресейден 4 жолбарыс әкеледі

    2025 жылы Қазақстанда жолбарыстар саны көбейеді. Еліміз көрші Ресейден тағы төрт жолбарыс әкелуді жоспарлап отыр.

    Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев биыл Тұран жолбарысын тарихи мекенінде қалпына келтіру бойынша үлкен жоба басталғанын атап өтті.

    Жолбарыстарды тарихи мекеніне қайта жерсіндіру жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты (2018/415 мың га) құрылған. Жолбарыстың табиғи азық қорын қайта қалпына келтіру үшін 2018-2024 жылдар аралығында резерват аумағына 205 бас тоғай бұғысы әкелінген,  100-ден астам құланды қоныс аудару жұмыстары жүргізілді, еліктер мен қабандар популяциясы көбейтілді.

    «Осы жылы күзде Іле-Балқаш резерватында арнайы торлы қоршауда өсіру үшін Нидерландыдан 2 жолбарыс әкелінді.  2025 жылы Ресей Федерациясынан 3-4 жолбарысты алып келу күтілуде. Әкелінген жолбарыстардың тұқымдары Қазақстан аумағында 70 жылдан кейін қайта пайда болған алғашқы жабайы жолбарыстар болады деп үміттенеміз», — деді Нысанбаев Үкімет отырысында.

    Министр құландар популяциясын қалпына келтіру жөніндегі бағдарлама аясында оларды «Іле-Балқаш» және «Алтын Дала» резерваттарына қоныс аудару жұмысы сәтті аяқталғанын айтты. Қазақстан аумағында толығымен жойылып кеткен құланның саны 1950-1960 жылдары Түркіменстаннан әкелінген 14 құланның негізінде бүгінгі күні 4493 басқа жеткен

  • Вьетнамда 47 жолбарыс қырылып қалды

    Вьетнамда 47 жолбарыс қырылып қалды

    Вьетнамда H5N1 құс тұмауынан 47 жолбарыс, үш арыстан мен бір пандера қырылып қалған.

    The Guardian басылымының мәліметінше, оқиға Лонг Ан провинциясындағы My Quynh сафари паркі мен Донг Най провинциясындағы Vuon Xoai хайуанаттар бағында тамыз бен қыркүйек айналында тіркелген.

    Жануарлар саулығы ұлттық диагностикалық орталығы хайуанаттардың өліміне H5N1 типті құс тұмауы себеп болғанын растаған. Хайуандарға жақын қызметкерлер арасында респираторлық симптомдар байқалмаған.

    2023 жылы Вьетнамда 385 жолбарыс болған. Олардың 310-ы жеке хайуанаттар паркі мен фермаларда ұсталған. Қалғаны мемлекеттік мекемелерде орналасқан.

  • Жолбарыстардың бейімделуіне бір жылдай уақыт кетеді

    Жолбарыстардың бейімделуіне бір жылдай уақыт кетеді

    Қазақстанға Нидерландыдан әкелінген жолбарыстардың бейімделуіне бір жылдай уақыт кетеді. Бұл туралы биоценология және аңшылықтану зертханасының меңгерушісі Константин Плахов айтты. Қазір Мысықтұқымдас жануарлар Алматы облысындағы 415 мың гектар жерді қамтитын «Іле-Балқаш» резерватында жүр. Зоологтың айтуынша, «Тұран» жолбарысы популяциясын қайтаруға мүмкіндік мол. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Жануарды көбейтуге халықаралық жолбарыстарды қорғау қауымдастығы да баса назар аударып отыр. Маманның дерегінше, Бақанас тұрғындары жолбарыстың іздерін соңғы рет 1951 жылы көрген. Ал, жануардың жойылуына жергілікті тұрғындар мен броканерлер себеп болды, дейді. Бірінші дерек — жолбарыстардың азығын тартып алса, екінші факт — жануарларды сатып жіберу.

    «Қауіпсіздік мәселесі үнемі көтеріліп жүрген тақырып. Әрине, бұл жерге жақын жерде ешқандай ауыл жоқ. Тұрғындар резерваттан тыс жерде қоныстанған. Қазір жолбарыстар жүрген аумаққа ешкім бара алмайды. Мамандар қауіпсіздікті қатаң бақылап отыр. Ал, жануарларды көбейту мәселесіне келер болсақ, нақты болжам айту қиын. Әуелі жолбарыстар тоғайға бейімделіп, жерсінуі керек. Әлі оларды табиғатқа босатқан жоқ. Бейімделуге шамамен бір жыл кетуі мүмкін. Оған жолбарыстардың қай елден әкелінгені, жасы да әсер етеді», — деді ҚР ҒЖБМ «Зоология институты» биоценология және аңшылықтану зертханасының меңгерушісі КОНСТАНТИН ПЛАХОВ.