Метка: Жошы хан

  • Жошы хан туралы сериал беделді халықаралық платформаларда көрсетіледі

    Жошы хан туралы сериал беделді халықаралық платформаларда көрсетіледі

    Жошы ханға арналған деректі көпсериялы фильмнің премьерасы беделді халықаралық платформаларда өтеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысының айтуынша, жоба бойынша жұмыстар биылғы көктемде аяқталады. Президент соңғы жылдары елімізде тарихи мұраны ғылыми тұрғыда зерттеу және оны кеңінен насихаттау бағытында елеулі нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

    Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильм толық аяқталады. Бұл ауқымды жобаның басталуы жөнінде мен бұған дейін Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан болатынмын. Көпсериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді, — деді Президент.

    The Golden Empire атты деректі сериал толығымен Қазақстан аумағында түсірілген. Түсірілім барысында еліміздің табиғи ландшафттары, Тамғалы Тас петроглифтері, «Көшпенділер қаласы», Қимасар және Суықтөбе шатқалдары пайдаланылған. Фильм XIII ғасырдың киноөндірісте аз зерттелген тарихи кезеңіне арналған.

    Жобаны америкалық-түрік Karga Seven Pictures кинокомпаниясы Президенттік бастамалар қоры Dara-мен бірлесіп жүзеге асырып отыр. Режиссер әрі шоураннер  Эмре Сахин. Ол бұған дейін Rise of Empires: Ottoman және Testament: The Story of Moses жобаларын түсіріп, олар Netflix платформасының 90-нан астам елдегі топ-10 тізіміне енген.

  • JOSHY ULYSY. 800 JYL: коллекциялық монеталар шығарылады

    JOSHY ULYSY. 800 JYL: коллекциялық монеталар шығарылады

    Ұлттық банк JOSHY ULYSY. 800 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

    Монеталардың дизайнында Жошы хан ескерткішінің бейнесі пайдаланылған. Оның авторы –Қазақстанның белгілі мүсіншісі, монументалист-суретші Ғазиз Ешкенов. Сырт жағында Алтын Орда дәуіріндегі монеталардан коллаж орналасқан.

    Монеталардың қай күні сатуға шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.