Метка: ЖРВИ

  • Қазақстанның жеті өңірінде ЖРВИ салдарынан 1469 сынып қашықтан оқуға ауыстырылды

    Қазақстанның жеті өңірінде ЖРВИ салдарынан 1469 сынып қашықтан оқуға ауыстырылды

    Қазақстанның бірнеше аймағында жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) таралуы күшейіп, мектептердің жекелеген сыныптары уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенованың айтуынша, бүгінгі таңда 132 мектептегі 1469 сынып онлайн форматқа өтті, деп Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
    Онлайн оқуға ауысқан өңірлер:
    •Астана қаласы – 24 мектеп, 182 сынып
    •Абай облысы – 21 мектеп, 276 сынып
    •Шығыс Қазақстан облысы – 57 мектеп, 204 сынып
    •Жамбыл облысы – 14 мектеп, 598 сынып
    •Қостанай облысы – 12 мектеп, 168 сынып
    •Ақмола облысы – 3 мектеп, 21 сынып
    •Қарағанды облысы – 1 мектеп, 20 сынып
    Қашықтан оқыту критерийлері:
    1.Егер сынып оқушыларының 20%-ы ауырса, кабинет ауыстыру жүйесі тоқтатылады, сабақтар бір кабинетте өткізіледі.
    2.Егер бір инкубациялық кезең ішінде 30%-дан астам оқушы келмесе, сынып толық онлайн оқытуға жіберіледі.
    Эпидемиологиялық ахуал
    Вице-министр Тимур Сұлтанғазиевтің мәліметінше, 2025 жылғы эпидмаусым басталғалы 1,5 млн ОРВИ жағдайы тіркелген. Оның 65–66%-ын – балалар, ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 млн жағдай анықталған.
    Бұған дейін Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында да аурушаңдық өсіп, сыныптардың бір бөлігі дистанциялық форматқа көшірілген болатын.
  • Дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жолдады: ЖРВИ кезінде үйде қалыңыз

    Дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жолдады: ЖРВИ кезінде үйде қалыңыз

    Тұмау және ЖРВИ ауруының алдын алу үшін қарапайым алдын алу шараларын сақтау керек: көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу; үй-жайларды жүйелі түрде желдету; қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану; науқас адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулау; тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге жібермеу; ауру белгілері пайда болған кезде уақытылы медициналық көмекке жүгіну керек.

    «Ауру жеңіл өтіп жатса да, тәуекел етпеңіздер, балаларды үйде қалдырыңыздар, өйткені вирустар ассоциациясы болу қаупі өте жоғары. Эпидемиялық маусым ушыққан кезде ересектер 2-3 рет, ал балалар, әсіресе бес жасқа дейін, 6-9 рет ауырады, өйткені олар вирустық инфекцияға алғаш рет тап болады. Антибиотиктерді өз бетінше және жаппай қабылдамай, ағзаның вирусты өз бетінше жеңуіне мүмкіндік беру керек», – деді «Астана медицина университеті» КЕАҚ Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, жоғары біліктілік санатындағы инфекционист-дәрігер Динагүл Баешева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.