Метка: ЖСН

  • Жетісу облысының тұрғыны ЖСН-дегі қателікті сот арқылы түзетті

    Жетісу облысының тұрғыны ЖСН-дегі қателікті сот арқылы түзетті

    Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) түзету енгізу туралы талап арызды қарады. Бұл туралы Жетісу облысы соттарының ресми Telegram-арнасында хабарланды.

    Іс бойынша жауапкерлер ретінде Қаратал аудандық полиция бөлімі, аудандық полиция бөлімінің бастығы және Жетісу облысының полиция департаменті көрсетілген. Талапкер ЖСН-не түзету енгізуден бас тартуды заңсыз деп тануды және жіберілген бұзушылықтарды жоюды сұраған.

    Сотта анықталғандай, талапкердің туу туралы куәлігі мен неке туралы куәлігіне сәйкес ол 1991 жылғы 13 мамырда дүниеге келген. Алайда жеке куәлігінде көрсетілген ЖСН туған күніне сәйкес келмеген.

    Үкіметтің «Идентификациялық нөмірді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 және 3-баптарына сәйкес, ЖСН 12 саннан тұрады, оның алғашқы алты саны жеке тұлғаның туған жылын, айын және күнін білдіреді. Талапкердің ЖСН-де 13 санының орнына 31 көрсетілгені анықталған.

    Қателік талапкер жұмыс орнында жалақы есептеудің жаңа жүйесі енгізілген кезде белгілі болған. Соның салдарынан зейнетақы жарналары, салықтар және өзге де міндетті төлемдерді аудару мүмкін болмаған.

    Талапкер Қаратал аудандық полиция бөліміне ЖСН-н түзету туралы өтінішпен жүгінгенімен, қанағаттандырудан бас тартылған. Сот барысында уәкілетті орган тиісті әкімшілік акт қабылдамағаны, ал бас тарту анықтама түрінде рәсімделгені анықталды, бұл әкімшілік рәсімдік-процестік заңнама талаптарына сәйкес келмейді.

    Сот Қаратал аудандық полиция бөлімінің әрекеттерін заңсыз деп танып, талапкердің ЖСН-н туған күніне  сәйкес түзетуді міндеттеді. Жетісу облысының полиция департаментіне қатысты талап қанағаттандырылмады. Сондай-ақ талапкерге төленген мемлекеттік баж қайтарылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

  • СҚО-да egov қызметкерлері заңсыз ЖСН жасаған

    СҚО-да egov қызметкерлері заңсыз ЖСН жасаған

    Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Sona.kz облыс прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

    Талдау барысында «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының СҚО филиалы 720 шетелдікке олардың Қазақстан аумағында болмағанына қарамастан ЖСН рәсімдегені белгілі болды.

    Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлілер заң алдында жауапқа тартылды. Сонымен бірге заңсыз берілген ЖСН-дарды жою шаралары жүргізілуде.

    Бұдан бөлек, 3 шілдеде Петропавл қаласы мен М.Жұмабаев ауданының полиция органдары ҚР ҚК-нің 206-бабы 2-бөлігі («Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

    Іс облыс прокуратурасының бақылауында.

  • ЖСН-ге бөтен нөмір тіркелсе не болады?

    ЖСН-ге бөтен нөмір тіркелсе не болады?

    Әлеуметтік желіде азаматтар eGov-та өз ЖСН-іне бірнеше бейтаныс нөмір тіркелгенін байқап, алаңдаушылық білдірген. Бұл жағдай заңсыз әрекеттердің орын алуына әкеп соғуы мүмкін.

    Егер сіздің ЖСН-іңізге бөтен нөмір тіркелгенін байқасаңыз, оны тексеріп, байланыс операторы арқылы өшіртуді ұмытпаңыз.

  • Қазақстан елшіліктері шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады

    Қазақстан елшіліктері шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады

    «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» пилоттық жобаның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды», – делінген елшілік сайтында.

    ЖСН-ға қатысты қосымша ақпарат сайтта жарияланады.

    ЖСН Қазақстандағы кез келген цифрлық мемлекеттік қызметті алу үшін, соның ішінде банк шотын ашу үшін қажет.