Метка: Жүк көлігі

  • Өскемен: жаяу жүргінші жолында әйелді жүк көлігі қағып кетті

    Өскемен: жаяу жүргінші жолында әйелді жүк көлігі қағып кетті

    Өскемен қаласында Бажов көшесінде ірі жүк көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді. Әйел адам реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан. Жеңіл көліктер тоқтағанымен, жүк көлігінің жүргізушісі тежеуге үлгермей, алдыңғы көлікпен соқтығысуды болдырмау үшін маневр жасап, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

    Куәгерлердің айтуынша, тіркеме жолдың арғы жағында тұрған тағы екі әйелді жанап өткен. Бұл сәттер қарсы бағыттағы көліктің бейнетіркеуішіне түспеген.

    Жараланған әйел облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілді.
    ? Диагноз: жабық бас-ми жарақаты, білек сүйегінің сынуы, қабырға соғылуы, – деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы.

    Өңірде қар жауып, боран мен көктайғақ байқалады. Ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды, ал кейбір тас жолдарда тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

  • Ақмола облысында жүк көлігі екі адамды қағып кетті

    Ақмола облысында жүк көлігі екі адамды қағып кетті

    Ақмола облысында MAN маркалы жүк көлігі жол жиегінде дөңгелек ауыстырып жатқан екі адамды қағып кетті, Sona.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Оқиға 9 тамызда Астана – Петропавл тасжолында Жанаталап пен Қаратал ауылдарының арасында, Щучинск бағытына қарай болған. Полицияның мәліметінше, жүргізуші оң жолақпен келе жатып, жеңіл автокөлігін жөндеп жатқан екі азаматты қағып өткен.

    Зардап шеккендер ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚК 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.

    Жүк көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Полиция жол бойында мәжбүрлі тоқтаған жағдайда апаттық тоқтау белгісін орнату және өтіп бара жатқан жүргізушілерге жылдамдықты төмендету қажеттігін ескертті.

  • 7 жасар қызды жүк көлігінің қағып кету оқиғасы: автобус жүргізушісі де жауапқа тартылды

    7 жасар қызды жүк көлігінің қағып кету оқиғасы: автобус жүргізушісі де жауапқа тартылды

    ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Алматыда автобус жүргізушісі 7 жасар баланы жүргіншілер өткелінен өткізбегені үшін жауапқа тартылғанын айтты.

    «Алматыда бір-екі күннің ішінде екі жол-көлік оқиғасы болды. Оның бірі жүк көлігінің қатысуымен болды. Расын айту керек, қайтыс болған жасөспірім кәдімгі жүргінші өтетін өткелген өтіп бара жатқан. Бұл қаланың орталығында болған жағдай емес, қаланың шетінде болған. Алматыда Айнабұлақ деген шағын аудан бар. Сол ауданнан төмен жақта, қаланың шетінде. Ол жақта жүк көліктеріне өтуге құқығы бар. Жаңағы бала жаяу жүргінші өткелінен өтіп келе жатқанда бір автобус алдынан өтіп кетеді де, содан қорқып, ол артқа қарай жүргенде қасында келе жатқан жүк көлігі баланы байқамай қалып, басып кетіп отыр», – деді ІІМ өкілі.  

    Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, автобус жүргізушісі баланы жүргінші өткелінен өткізбегені үшін жауапқа тартылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    «Қылмыстық істің шеңберінде жол апатына қатысты әрбір азаматтың жауапкершілігі қаралатын болады», – деді ол.

  • Астанада жүк көлігінің жүргізушісі 7 жастағы қызды қағып өлтірді

    Астанада жүк көлігінің жүргізушісі 7 жастағы қызды қағып өлтірді

    Астанада жүк көлігі 7 жасар қызды қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды. 

    Қайғылы оқиға Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған. Полицияның хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі жол қиылысында бұрылмақ болған. Сол кезде 7 жасар қыз жаяу жүргіншілер жолынан бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан.

    «Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келді, көрсетілген көмекке қарамастан, биологиялық өлім тіркелді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады Астананың полиция департаменті.

  • Қазақстанда жүк көлігін шығаратын зауыт ашылады

    Қазақстанда жүк көлігін шығаратын зауыт ашылады

    Қазақстан-Қытай дөңгелек үстелі барысында қытайлық және қазақстандық компаниялар арасында Қазақстанда жүк көлігін шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

    «Бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды. «Саран» индустриялық аймағының базасында жүк және коммерциялық техника өндіретін жаңа зауыт салынады. Жаңа кәсіпорын құру бізге қосымша 1,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз жаңа технологияларды аламыз, дәнекерлеу, катафорез, бояу және шағын торапты құрастыру үшін заманауи жабдықтар сатып алынады. Жас инженерлер Қытайда қолданылатын жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алады», – деді бірлескен жобаның жетекшісі Арғұлан Майқонов.

    Осыған дейін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Кездесу нәтижесінде жалпы сомасы 2,5 млрд долларды құрайтын 8 коммерциялық келісімге қол қойылды.