Метка: жүргізуші

  • Әл-Фараби даңғылындағы ірі апат: жүргізуші рөлде көз жұмды

    Әл-Фараби даңғылындағы ірі апат: жүргізуші рөлде көз жұмды

    Алматы қаласының әл-Фараби даңғылында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Sona.kz ZTB NEWS-ке сілтеме жасап.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, сағат 11:30 шамасында жеңіл автокөлік жүргізушісінің жағдайы күрт нашарлаған. Болжам бойынша, оның жүрегі тоқтаған.

    Соның салдарынан көлік басқарудан шығып, қатар қозғалып келе жатқан бес автокөлікке соғылған, кейін қалалық автобусқа тиіп өткен.

    Жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Дәрігерлердің көмегі нәтиже бермеген.

    Полиция мәліметінше, жол апаты салдарынан басқа адамдар зардап шеккен жоқ.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тиісті тексеру жүргізілуде.

  • Атырауда жол жанжалы: арнайы жасақ жүргізушіні ұстады

    Атырауда жол жанжалы: арнайы жасақ жүргізушіні ұстады

    Атырауда Hyundai мен Toyota жүргізушілері арасындағы жол жанжалы күтпеген оқиғаға ұласты. Көзбе-көз куәгерлердің айтуынша, жанжал көліктің маневрінен туындап, Hyundai жүргізушісі Toyota жүргізушісінің қолын жарақаттаған,деп хабарлайды Sona.kz Check_point.kz-ке сілтеме жасап.

    Осы кезде сол маңнан өтіп бара жатқан арнайы жасақ қызметкерлері дереу араласып, құқық бұзушыны ұстады. Жедел жәрдем көлігі тоқтатып, зардап шеккен жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

    Көлік айып тұрағына жеткізілді, ал жүргізуші полиция бөлімшесіне жеткізілді. Айта кету керек, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі мен сақтандыруы болмаған.

    Оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Хулигандық» бабымен тергеу басталды. Құқық қорғау органдары барлық жағдайды анықтап, тергеуді жалғастыруда.