Метка: жұмыс

  • Қазақстандықтар Қатарда заңды түрде жұмыс істей алады

    Қазақстандықтар Қатарда заңды түрде жұмыс істей алады

    Қазақстан мен Қатар арасында қазақстандық азаматтардың Қатар аумағында жұмысқа орналасуын реттейтін келісім ресми түрде күшіне енді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq ruhy-на сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, Қатардың Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық арналар арқылы келісімнің орындалуына қажетті барлық мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны жөнінде ресми хабарлама жолдаған.

    Келісімге сәйкес, енді қазақстандық азаматтар Қатарда заңды, ашық әрі қауіпсіз шарттармен жұмыс істей алады. Сондай-ақ олардың еңбек және әлеуметтік құқықтары толық қорғалатын болады.

    Министрлік атап өткендей, Қатардағы жұмыс берушілер ұсынатын барлық бос жұмыс орындары migration.enbek.kz порталында жарияланады. Бұл қазақстандықтардың шетелде жұмысқа орналасу процесін ашық әрі бақылауға мүмкіндік береді.

  • Қазақстан азаматтары енді Катарда ресми түрде жұмыс істей алады

    Қазақстан азаматтары енді Катарда ресми түрде жұмыс істей алады

    Қазақстан азаматтары үшін Таяу Шығыста жаңа еңбек бағыты ашылды. Сенат Катармен еңбекші қазақстандықтардың жұмыспен қамтылуын реттейтін келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай Telegram-арнасында келісім екі ел арасындағы еңбек қатынастарын заңдастырып, қазақстандықтардың Катарда ресми түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретінін түсіндірді.

    «Катардағы жұмыс беруші қазақстандық қызметкерлердің жол жүру, елге қайту шығындарын өтейді, сонымен қатар **тұрақ, көлік, медициналық қызмет және ақылы демалыспен қамтамасыз етеді», – деді Споткай.

    Келісім аясында мамандарды жалдауға арналған үлгілік еңбек шарты мен екі тараптың өзара іс-қимылын үйлестіретін бірлескен комитет құрылады.

    Бұл бастама Қазақстан азаматтарының шетелде қауіпсіз әрі заңды түрде жұмыс істеуіне жаңа мүмкіндік береді.

  • Жаңа жұмыс уақыты ұнады ма: министрлік алғашқы нәтижемен бөлісті

    Жаңа жұмыс уақыты ұнады ма: министрлік алғашқы нәтижемен бөлісті

    Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер 08:00–17:30 кестесіне көше бастады. Бұл туралы Еңбек министрлігінің Еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатин мәлімдеді, — деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Әбілхатиннің айтуынша, жаңа жұмыс уақыты таңертеңгі кептелісті болдырмай, қызметкерлердің жеке уақытына тиімділік әкелген.

    «Таңертең 7:30-да жұмысқа шыққанда көшелер бос. Кешкі 17:30-да үйге ертерек қайтып, жарықта отбасыңа, жеке шаруаларға көңіл бөлуге болады. Астананың әкімдігі де икемді кестеге көшіп жатыр», — деді ол Үкіметтегі брифингте.

    Сондай-ақ, қызметкерлер тарапынан ешқандай шағым түспегенін айтты.