Метка: жұмыстан босатылды

  • Талдыкорғанда полицей қызметкері зейнет жасындағы әйелді қағып кеткеннен кейін жұмыстан босатылды

    Талдыкорғанда полицей қызметкері зейнет жасындағы әйелді қағып кеткеннен кейін жұмыстан босатылды

    Талдыкорғанда полицияның тергеу бөлімінің қызметкері қатысқан жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Оқиға 2 қараша күні Мұстафа Өзтүрік пен Орақты батыр көшелерінің қиылысында болған.
    Жетісу облысының полиция департаментінің мәліметінше, Toyota автокөлігін басқарған полиция қызметкері Aito M9 көлігімен соқтығысып, салдарынан 60 жастағы әйел адамды қағып кеткен.

    Зардап шеккен әйел көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
    Қазіргі уақытта оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

    Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, көлікті басқарған қызметкер ішкі істер органдарынан босатылды.
    Іс бойынша тергеу жалғасуда.

  • Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыға тіл тигізгені үшін жұмыстан босатылды

    Алматыда автобус жүргізушісі жолаушыға тіл тигізгені үшін жұмыстан босатылды

    Телефон ұстап автобус жүргізген және жолаушыға дөрекілік танытқан жүргізуші қызметінен босатылды. Бұл туралы «Алматыэлектротранс» компаниясы хабарлады, деп жазады Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Оқиға 11 тамызда болды. Әлеуметтік желіде жолаушының жүргізушіге қозғалыс кезінде телефон қолданбау туралы ескерту жасаған сәті түсірілген видео тарады. Жүргізуші бұған агрессивті жауап беріп, жолаушының телефонын тартып алмақ болып, кейін оны автобустан итеріп шығаруға тырысқан.

    Компания тексеріс жүргізіп, жүргізушіге ішкі ережелерге сәйкес шара қолданғанын және ресми түрде кешірім сұрағанын мәлімдеді.