Метка: Журналист

  • Шымкентте америкалық журналистке тиіскен такси жүргізушісі жазаланды

    Шымкентте америкалық журналистке тиіскен такси жүргізушісі жазаланды

    Шетелдік журналист Хоуп Лаудон такси жүргізушісінің өзін қорлап, тиіскенін мәлімдеді. Алайда полицейлер оны тек ұсақ бұзақылық пен жол ережесін бұзғаны үшін жазалаған, — деп хабарлайды Sona.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

    Америкадан келген Хоуп Лаудон Қазақстаннан Өзбекстанға өтпек болғанда визалық қиындықтарға тап болып, Сарыағашта жалғыз қалған. Жергілікті жасөспірім оған көмектесіп, такси шақырып берген.

    Алайда жүргізуші бірден күмәнді әрекеттер жасай бастаған: жылдамдықпен айдап, күдікті қоңыраулар шалып, қала сыртына шығарып жібермек болған. Шымкентке жеткен соң, әйелден ақша алған кезде интимді жеріне қол жүгірткен. Лаудон қарсы шығып, көліктен қашып шыққан.

  • Думан Мұхамедкәрімді Талдықорғаннан Қызылордаға әкетті

    Думан Мұхамедкәрімді Талдықорғаннан Қызылордаға әкетті

    Талдықорғандағы тергеу изоляторында жатқан журналист Думан Мұхамедкәрімді этаппен Қызылордаға әкетті. Ақпаратты оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов айтты.

    – Иә, этаппен жіберді. Қай жаққа қазірге дейін жеткенін білмеймін. Ол бір аптадан кейін белгілі болады. Мен бұған дейін Думанды Заречныйға жіберу жөнінде өтініш білдірген едім. Бірақ біздің өтінішімізді орындаудан бас тартқан сыңайлы. Кеше кешке ол туралы хабарлама келді, – деді адвокат.

    Адвокаттың айтуынша, заң бойынша Думан Мұхамедкәрім өзі тіркелген өңірде жазасын өтеуі тиіс болған.

    Айта кету керек, Қонаев қалалық сотының үкімімен биыл тамызда журналист жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Журналист үкім бойынша сонымен бірге, үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналыса алмайды. Оған “экстремизмді қаржыландырып, тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» деп айып тағылған еді.

  • Бекболат Тілеухан қарғаған ақын өмірден өтті

    Бекболат Тілеухан қарғаған ақын өмірден өтті

    Ақын Тоқтарәлі Таңжарық жазбасында: «Ақын досымыз Серік Боқан қаза болыпты. Мына өмірде ешбір ереже мен тыйымға бағынуға болмысы сай келмейтін жандар болады. Секең, Серік Боқан сондай жан еді. Ол бұл өмірдің қулық-сұмдығын үйрене алмай-ақ кетті. Басын тауға да, тасқа да ұрды. Ақыры, діннен марқадам тапты… бәлкім, таппады. Өзін көп іздеді. Өзін сыйлайтын ортаны көп іздеді. Жолы болмады. Үнемі тығырыққа тіреле берді. Өзі де менің алдымнан бір кетпелтек томар кетпейді деуші еді. Шынымен, тап-таза еді. Тез жараланғыш еді. Онысын білдірмейтін. Өзін дәлелдегісі келетін. Дәлелдей алмады. Мына қоғамда ондай бөлек мінез, өзге жаратылыс иесіне орын жоқ еді. Өзі де төгіліп: «Баяғы сол жылдар недеген ізгі едің?!» дегеніндей, ол тек Балалық Шағында ғана бақытты болған шығар. Жазда Алматыда әлдебір базардан кезігіп қап, телефон алмасып, хабарласып тұрып едік. Өлеңдерін сұрағам. Осы әлеуметтік желіде саған іздеу салайын дегем. Келіскен. Өлеңдерін жіберген. Әңгімелесейікші, тек әдебиет туралы деген. Менің бір өлеңімді қатты сүйіп оқығанын айтқан. Амал не, сол өлеңдері уатсаптың қуысында қалыпты. Көп өлеңі жоғалған шығар. Әй, сақтамады-ау… Қазірше бір өлеңін жариялап қояйын. Рухың шат болсын, досым!” , – деп жазды ол.

    Еске сала кетсек, оны кезінде экс-депутат Бекболат Тілеухан «қарғадым» деп, артынан «қарғысты қайтарып алдым» деген еді.

    Серік Боқан Facebook-тегі парақшасына Бекболат Тілеуханды пандемия кезінде халыққа көмектеспеді, оралмандарға қол ұшын созбады деген мағынада парақшасына сын жазба қалдырған. Артынан Бекболат Тілеуханның әлеуметтік желіде Серік Боқанға «Жаза бер!» деп қарғыс айтқан аудиосы тараған еді. Кейін Серік Боқан кешірім сұрап тағы пост жазды.

    Айта кетейік, ол «Жас қазақ үні» газетінде, «Үн» журналында қызмет атқарған. Біраз жыл бойы «Асыл арна» телеарнасында журналист болып еңбек еткен.

  • Журналист Қымбат Досжан «Үркер» ұлттық сыйлығын иеленді

    Журналист Қымбат Досжан «Үркер» ұлттық сыйлығын иеленді

    «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Қазақ радиосы жүргізушісі Қымбат Досжан «Радиостанциядағы үздік жоба» аталымы бойынша «Үркер-2024» жүлдесін иеленді.

    Қымбат Досжан Қазақ радиосындағы «Бармысың, бауырым?» бағдарламасын жүргізеді.

    Қазір Астанада «Үркер»- 2024 Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп жатыр. Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдар қатысуда. Лауреаттарды марапаттау рәсімі жылдағы үрдіс бойынша «Қазмедиа» орталығында өтуде.  Ұлттық бәйге 12 номинация бойынша ұйымдастырылды. Байқауға барлығы 400 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстарды беделді журналистер мен медиа менеджерлерден құралған қазылар алқасы анықтады.

  • Даулы пост үшін әкімдік журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертті

    Даулы пост үшін әкімдік журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертті

    Даулы пост үшін әкімдік журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертті

    Жетісу облысындағы Ақсу ауданының әкімдігі журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертіп, ескерту хат жолдапты. Бұл жөнінде журналистің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

    «Страна погрязла в бля&стве» атауымен шыққан мақалаңыз жалған екендігін ескертіп, арыздануға қатысты ешқандай сексуалдық сипаттағы қандайда бір әрекеттің болмағандығы туралы хабарлап, ресми түрде кешірім білдіруді сұраймыз. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда «Жетісу облысы Ақсу ауданының әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі сотқа жүгінетінін ескертеміз»,- деп әкімдік осындай хабарлама жіберді деп жазды Сандуғаш Дүйсенова.

    Сондай-ақ, С.Дүйсенова ескерту хаттың суретін де жариялады.

    Ал, журналистің өзі ескерту хатқа жауап ретінде желіде былай деп жауап берді.

    «10 күн өтер-өтпестен Ақсу ауданы әкімі аппаратының экс-жетекшісі, «Аманат» партиясының Ақсу аудандық филиалының басшысы 7 жастағы ұлды зорлады деген күдікпен ұсталды. Былыққа баттыңдар, масқара жағдай»,- деп жазды С.Дүйсенова.