Метка: жылу беру

  • Жылу беру маусымына 5,2 млн тонна көмір және 88 мың тонна мазут дайындалды – Сәтқалиев

    Жылу беру маусымына 5,2 млн тонна көмір және 88 мың тонна мазут дайындалды – Сәтқалиев

    Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның алдағы жылу беру маусымына дайындығы туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады.

    Жылу беру маусымы Абай, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында басталып кетті. Ауа-райы жағдайына байланысты батыс және оңтүстік өңірлерде қазан айының ортасынан бастап жылу беріледі деп жоспарлануда.

    Энергетика министрінің айтуынша, электр стансаларында жөндеу кестесіне сәйкес 5 энергия блокта, 32 қазандықта, 28 турбинада жөндеу жұмысы аяқталды. Жөндеу жұмыстары 4 энергия блокта, 23 қазандықта және 16 турбинада әр түрлі кезеңде жүргізіліп жатыр.

    Электр желілері бойынша 19,9 мың км электр беру желілері, 376 қосалқы стансалар және 4 046 тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы стансалар жөнделді.

    Министрлік алдағы жылу беру маусымында тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін:

    — электр энергиясына шекті тарифтер түзетілді;

    — қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті ұлғайтылды.

    2024 жылы қабылданған шаралар жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды өткен жылдың деңгейінен 44%-ға арттырып, 327 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жылу беру маусымына арналған қоймаларда нормативтерге сәйкес 5,2 млн тонна көмір және 88 мың тонна мазут жинақталған.

    Министрлік өңірлер бойынша бірқатар ағымдағы мәселелерді бақылауда ұстайды.

  • Биыл жылыту маусымы тұрақты өтеді – Скляр

    Биыл жылыту маусымы тұрақты өтеді – Скляр

    Биыл Қазақстанда жылыту маусымы тұрақты өтеді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.

    Биылғы жылыту маусымына тоқталайын. 5 энергоблокта, 32 қазандықта, 28 трубинада жөндеу жұмысы аяқталды. 19,9 мың шақырым электр желісі, 376 қосалқы станция, 4 мың 46 басқарушы пункті жөнделді. Сондай-ақ 536 шақырым жылу желісі жөнделіп, жылдық жоспар 99%-ға орындалды. Оңтүстік өңірлерде жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Алайда бұл тұтынушыларға жылу беруге әсер етпейді, – деді Роман Скляр Үкіметтің баспасөз орталығында.

    Үкімет басшысының орынбасары биыл жылыту маусымында мәселе туындамауы үшін тиісті жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

    Өңірлерде коммуналдық қажеттілік үшін тиісті жанар-жағармай қоры, оның ішінде көмір қоры бар. Осылайша, биыл жылыту маусымы тұрақты болады деп жоспарлап отырмыз, – деді вице-премьер.

  • Алматыда жылу ертерек беріледі

    Алматыда жылу ертерек беріледі

    Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, 7-11 қазан аралығында нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жоспарда. Бірінші кезекте, жылу әлеуметтік мекемелерлерге, оның ішінде балабақшаларға, мектептерге және медициналық-әлеуметтік нысандарға берілетін болады.

    «АлТС» ЖШС қазірдің өзінде айналым режимін іске қосуға дайын, бұл қажет болған жағдайда жылу беруді жедел бастауға мүмкіндік береді. Коммуналдық кәсіпорын материалдық – техникалық базадан бастап бригадаларға арналған арнайы техника мен киімге дейін барлық қажетті заттармен толық жабдықталған, олар ықтимал авариялар мен технологиялық іркілістерді жоюмен айналысатын болады», — деп хабарлады әкімдіктен.

    Биыл жылыту маусымына дайындық аясында қаланың алты ауданында 20 км жылу желісі қайта жаңартылды. Мамандар желілерді сынау мен жөндеуді аяқтап, сорғы жабдықтарын жаңартты. Барлығы 69 сорғы станциясы және 24 резервуар-аккумулятор дайындалды, бұл ыстық су желісіндегі ең жоғары жүктемелерді теңестіруге мүмкіндік береді.

  • Өңірлерде жылыту маусымы басталды

    Өңірлерде жылыту маусымы басталды

    Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясының және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысын жалғастыра отырып, қалыпты режимде жұмыс істейді.

    Қазіргі таңда 4 энергоблокта, 22 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 5 энергоблоктың, 32 қазандықтың және 28 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталған.

    «Барлық электр станциялары жылыту маусымының басталуына дайын, негізгі жабдықтармен, соның ішінде қазандықтармен және турбиналармен қамтамасыз етілген. 2024 жылы АЭК-тің (электр желілерін тарату компанияларының) электр желілерінде 20,8 мың км электр беру желілерін, 422 қосалқы станцияны және 4054 тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу көзделген. Қазірдің өзінде 19,9 мың км электр желілері, 376 қосалқы станция және 4046 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделді» делінген хабарламада.

    Айта кетейік, жылумен қамту саласында 2024 жылы 546 км жылу желілерін күрделі жөндеу және жаңғырту жоспарланған. Қазіргі уақытта 516,3 км жылу желілері жөнделген, бұл жылдық жоспардың 94,6% құрайды.

    2024 жылғы 11 қыркүйекте кезекті кеңес өткізілген, оның қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау, отынның нормативтік қорын сақтау және энергетикалық жабдықтарды пайдалануды бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілген еді.

    Сонымен қатар алдағы жылыту маусымына дайындық барысы 2024 жылғы 20 тамыздағы Үкімет отырысында талқыланды. Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданған.