Метка: Жылу

  • Саран әкімі мен басқарма басшысы қатаң сөгіс алды

    Саран әкімі мен басқарма басшысы қатаң сөгіс алды

    Саран әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алды.

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановқа ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланды. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте мәлімдеді.

    «Өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, атап айтқанда, жылыту маусымына дайындықты жеткіліксіз түрде бақылағаны үшін менің бірінші орынбасарыма ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылсын. Саран әкімі мен энергетика және ТКШ басқармасының басшысына қатаң сөгіс жариялансын. Қыс мезгілінде сапалы жылумен қамтамасыз ету міндеті біз үшін басым екенін тағы да еске салғым келеді. Жұмыс тұрақты түрде жүргізілуі керек! Әр жағдай бойынша қатаң баға беріліп, жауапкершілік дәрежесі анықталады», – деді өңір басшысы.

    Саран әкімі қаладағы жылу жағдайы туралы баяндады. Оның айтуынша, барлық жергілікті қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеуде, отын қоры қамтамасыз етілген. Кейбір үйлер бойынша қалалық чатқа түсетін сұрақтар жедел қаралады, деп сендірді Еркін Баулықов.

  • Ақтау тұрғындары жолды жауып тастады

    Ақтау тұрғындары жолды жауып тастады

    Ақтаудағы 39-шағын ауданның тұрғындары жолды жауып, әкіммен кездесуді талап етті. Олар пәтерлерінің суықтығына шағымданбақ болды.

    Әлеуметтік желілерде Ақтау көшесінде айғай-шу бейнеленген бейнеролик тарап жатыр. Үйлердің бірінің тұрғындары пәтерлерінде жылудың болмауына байланысты жолды жауып тастағаны белгілі болды. Олар қала әкімімен кездесуді талап етті.

    «Біз уәделерден шаршадық. Олар жылуды ертең береміз дейді, ал біз тоңып қалдық, балалар қатып қалды. Сіз коттеджде тұратын шығарсыз», – деді тұрғындар.

    Lada.kz деректері бойынша Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов тұрғындардың митингісіне келіп, мәселені шешуге уәде берген. Онымен кездесуге «K7 group» құрылыс салушы компанияның өкілі де қатысқан.

    Мердігерге нақты тапсырмалар берілді. Құрылыс компаниясы өз міндеттемелерін орындауға уәде берді. Сондай-ақ тұрғындар тұтынылған газ үшін тұрғын үйге қызмет көрсету бойынша осьтің берешегі туралы мәселені көтерді, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

    Әкім тұрғындардан енді жолды жауып тастамауды сұрады.

  • Қарағандыда жылусыз қалған халық: Үкімет басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады

    Қарағандыда жылусыз қалған халық: Үкімет басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады

    Қарағандыда жылусыз қалған халықтың мәселесіне қатысты  Үкімет басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады.  Бұл жағдай Үкіметтің бақылауында. 
     

    Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымының басталуы туралы мәселе күн тәртібінен тыс қаралды. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ағымдағы жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

    «Бүгін бәрін аяқтау қажет. Бірінші кезекте, бұл – Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы. Менің тапсырмам бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр. Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады. Осы отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, өзі бәрін тексереді. Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыстың құрамы бар болатын болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Саран қаласының 80-ге жуық үйі жылусыз отырғанын хабарлаған болатынбыз.
  • Қарағанды облысында 80-ге жуық үй жылусыз қалды

    Қарағанды облысында 80-ге жуық үй жылусыз қалды

    Қарағанды облысына қарасты Саран қаласының су жаңа жылу орталығы сыр беріп, 80-ге жуық үй жылусыз қалды. Басы даудан арылмай, 13 жылға созылып, әзер аяқталған жылу желісі әлі қалыпты күйіне жетпеген. Қазір үйлер қосымша желілік қазандықтарға қосылды. Қанша жыл бойы орталық жылыту жүйесін армандап келген Сарандықтардың қуанышы су сепкендей басылды. Бүгінде 77 үй әлі де жылусыз отыр. Қазір пәтерлер салқын, тұрғындар электр жылытқыш қосуға мәжбүр.

    «Алда қыс келе жатыр. Ал бізде әлі жылу жоқ. Үй суық. Бұнын бәрін болдырмай алдын ала дайындап қоюы керек еді. Қыс келсе не боламыз?»,- деді Саран қаласының тұрғыны Людмила Костюк.

    Жаңа қазандық қажетті температураға жеткен соң барлық үйге жылу берілуі тиіс. Жалпы қала бойынша орталық қазандыққа 168 көпқабатты үй жалғанған. Оның 91-і желілік қазандықтармен амалдаса, қалғандарына бүгін жылу беріледі деп сендірді.

    «Орталық қазандық жұмыс істеп жатыр. Режимдік жұмысына шығайын деп жатыр. Бұл – жаңадан салынған қазандық, жаңа қондырғылар, бүкіл мамандар бар. Бізге қалай жұмыс істеу керектігін үйретіп жатыр», — деді Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов.

  • Биыл жылыту маусымы тұрақты өтеді – Скляр

    Биыл жылыту маусымы тұрақты өтеді – Скляр

    Биыл Қазақстанда жылыту маусымы тұрақты өтеді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.

    Биылғы жылыту маусымына тоқталайын. 5 энергоблокта, 32 қазандықта, 28 трубинада жөндеу жұмысы аяқталды. 19,9 мың шақырым электр желісі, 376 қосалқы станция, 4 мың 46 басқарушы пункті жөнделді. Сондай-ақ 536 шақырым жылу желісі жөнделіп, жылдық жоспар 99%-ға орындалды. Оңтүстік өңірлерде жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Алайда бұл тұтынушыларға жылу беруге әсер етпейді, – деді Роман Скляр Үкіметтің баспасөз орталығында.

    Үкімет басшысының орынбасары биыл жылыту маусымында мәселе туындамауы үшін тиісті жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

    Өңірлерде коммуналдық қажеттілік үшін тиісті жанар-жағармай қоры, оның ішінде көмір қоры бар. Осылайша, биыл жылыту маусымы тұрақты болады деп жоспарлап отырмыз, – деді вице-премьер.

  • Алматыда жылу ертерек беріледі

    Алматыда жылу ертерек беріледі

    Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, 7-11 қазан аралығында нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жоспарда. Бірінші кезекте, жылу әлеуметтік мекемелерлерге, оның ішінде балабақшаларға, мектептерге және медициналық-әлеуметтік нысандарға берілетін болады.

    «АлТС» ЖШС қазірдің өзінде айналым режимін іске қосуға дайын, бұл қажет болған жағдайда жылу беруді жедел бастауға мүмкіндік береді. Коммуналдық кәсіпорын материалдық – техникалық базадан бастап бригадаларға арналған арнайы техника мен киімге дейін барлық қажетті заттармен толық жабдықталған, олар ықтимал авариялар мен технологиялық іркілістерді жоюмен айналысатын болады», — деп хабарлады әкімдіктен.

    Биыл жылыту маусымына дайындық аясында қаланың алты ауданында 20 км жылу желісі қайта жаңартылды. Мамандар желілерді сынау мен жөндеуді аяқтап, сорғы жабдықтарын жаңартты. Барлығы 69 сорғы станциясы және 24 резервуар-аккумулятор дайындалды, бұл ыстық су желісіндегі ең жоғары жүктемелерді теңестіруге мүмкіндік береді.

  • Ертең тағы үш облыста жылу беріледі

    Ертең тағы үш облыста жылу беріледі

    Ал 1 қазаннан жылу беру маусымы Абай, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында басталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді.

    2024 жылға бекітілген жөндеу кестесі аясында 10 энергоблокта, 55 қазандықта және 45 турбинада күрделі жұмыстар жоспарланған. Қазір 4 энергоблокта, 22 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 5 энергоблоктың, 32 қазандықтың және 28 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталды.

    «Барлық электр станциясы жылыту маусымына дайын, негізгі жабдықтармен, соның ішінде қазандықтармен және турбиналармен қамтамасыз етілген.

    2024 жылы АЭК-тің (электр желілерін тарату компаниялары) электр желілерінде 20,8 мың км электр беру желісін, 422 қосалқы станцияны және 4054 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияны жөндеу көзделген. Қазірдің өзінде 19,9 мың км электр желісі, 376 қосалқы станция және 4046 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станция жөнделді.

    Жылумен қамту саласында биыл 546 км жылу желілерін күрделі жөндеу және жаңғырту жоспарланған. Қазіргі уақытта 516,3 км жылу желілері жөнделді, бұл жылдық жоспардың 94,6 пайызын құрайды», — деді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    Энергия көздерінің қоймаларында 5,2 млн тонна көмір мен 89 мың тонна мазут бар. Бұл жылу беру маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресей және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысын жалғастыра отырып, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, деп атап өтті ведомство.