Метка: Жыныстық құлдық

  • Қызылордада жыныстық құлдық құрбаны болған оқушының анасы жауапқа тартылды

    Қызылордада жыныстық құлдық құрбаны болған оқушының анасы жауапқа тартылды

    Қызылордада 16 жастағы қызын өз сыныптастары жыныстық құлдықта ұстаған іс бойынша оқушының анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

    Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған. Әйел ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігі бойынша — баланы тәрбиелеу, оқыту және оның құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін айыпты деп танылды.

    Сот шешімімен ол 7 айлық есептік көрсеткіш (27 524 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Шешім заңды күшіне әлі енген жоқ.

    Еске сала кетсек, 2024 жылы Қызылордада бірнеше оқушы өз сыныптасын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені үшін күдікке ілінген. Оқиға анықталған соң жауапты тұлғалар қызметінен босатылып, жәбірленуші тұратын аудан тәулік бойы күзетке алынған.

    Тергеу барысында сегіз күдікті қамауға алынған, кейін олардың саны он үш адамға жетті.
    3 сәуірде сот тоғыз айыпталушыға үкім шығарды, ал маусым айында облыстық сот азаптау және кәмелетке толмағанды жезөкшелікке тарту істері бойынша апелляцияны қарады.

  • Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы ісі бойынша алғашқы үкім шықты

    Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы ісі бойынша алғашқы үкім шықты

    Қызылордада сыныптастары жыныстық құлдықта ұстады деген оқушы ісі бойынша алғашқы үкім шықты. 21 жастағы жігіттің үстінен «Қорқытып алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот оны 4,5 жылға бостандығынан айырды.

    Қызылорда қаласының №2 сотында процесс жабық өтті. Бұл жөнінде 11 қарашада облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

    – Сотталушы Т. жәбірленушіні масқаралайтын мәліметтер жариялаймын деп, кәмелетке толмаған жәбірленушіден 700 мың теңге ақша тауып беруді талап еткен, сонымен бірге оның сөмкесінен 35 мың теңге ақшаны қорқытып алған, – деді соттың баспасөз қызметі.

    Соттың мәліметінше, айыпталушының кінәсін жәбірленушінің жауаптары, оқиға орнын қарап-тексеру туралы хаттама, психология-психиатрия сараптама қорытындысы дәлелдеген.

    Сот жазаны жеңілдететін жайлар ретінде 21 жастағы жігіттің бұрын сотталмағанын және жас екенін ескерген. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.