Теміржолды кесіп өтпек болған жүргізуші жол апатына ұшыратты: Қарағанды облысында жолаушы пойызы шұғыл тоқтады

Қарағанды облысында №1677 жолаушы пойызы теміржолдағы жол-көлік оқиғасына байланысты шұғыл тежеу жасауға мәжбүр болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, жеңіл көлік жүргізушісі пойыз келе жатқанда жолды кесіп өтпек болған, деп хабарлайды Sona.kz EGOV.PRESS- ке сілтеме жасап.

Көліктің ішінде бірнеше адам, соның ішінде бала болған. Олардың жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Оқиға теміржол маңындағы қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді: кейбір жүргізушілер пойыздың жоқ екеніне көз жеткізбестен теміржолдан өте береді.

Оқиға бойынша тиісті органдар тексеріс жүргізіп жатыр.