TikTok үшін түскен фото жасөспірімдерді полицияға жеткізді

Олардың жасы 16-17-де. Бесеуі — колледж және ЖОО студенттері, біреуі — мектеп оқушысы.

Полиция фотоларды әлеуметтік желіден байқап, жасөспірімдерді тапқан. Тексеру кезінде олардың бірінен газ тапаншасы тәркіленді.

Жастар бұл әрекетін «контент үшін» жасағандарын айтып, қорқыту не зорлық-зомбылықты насихаттау мақсатын көздемегенін түсіндірген.

Полиция жасөспірімдермен және ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, балаларды бақылауға алды. TikTok-тағы жазбалар өшірілді.

Оқитын мекемелерінде де түсіндіру жұмыстары жүргізілді.