Toyota Alphard қарсы жолаққа шығып, полиция көлігімен соқтығыса жаздады

Оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен – Риддер автожолында тіркелді. Toyota Alphard жүргізушісі алда келе жатқан көлікті басып озу кезінде қарсы жолаққа шыққан. Алайда қарсы бағыттағы жолдың бос екеніне көз жеткізбеген, деп хабарлайды Sona.kz ШҚО ПД-не сілтеме жасап.

Қарсы жолақта патрульдік полиция көлігі келе жатқан. Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасының алдын алу мүмкін болды.

Тексеру барысында жүргізушінің соңғы бір жыл ішінде жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғаны анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.