Түркістанда 18 жастағы бойжеткеннің интимдік қатынасқа мәжбүрлеу туралы арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sona.kz Криминальный Казахстан-ға сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, болған оқиғаға бұрынғы полиция қызметкерлерінің қатыстылығы тексерілуде. Қызметтік тексеріс нәтижесінде олар қызметтік беделді түсіру себебінен ішкі істер органдарынан босатылды.
Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау үшін қажетті шараларды жүргізуде. Тергеу ісі ІІМ министрінің жеке бақылауында.









