Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Қазақша мультфильмдерге 350 млн теңге бөлінеді

«Қазақ тіліндегі мультфильмдер өте аз, ал YouTube сияқты қолжетімді платформаларда мүлде жоқтың қасы.

Тоғжан Төлеген
30 октября, 2024
Қазақстан жаңалықтары
A A
Қазақша мультфильмдерге 350 млн теңге бөлінеді
WhatsappTelegram

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазақ тілінде мультфильмдер жасау үшін 350 миллион теңге бөлінетінін мәлімдеді. Қазақша сөйлейтін балаларға арналған контент тапшылығын ескерген депутат, мультфильмдерді тек теледидардан ғана емес, сонымен қатар YouTube сияқты танымал интернет платформаларында да қолжетімді ету қажеттігін атап өтті.

Депутат өзінің телеграм-арнасында бұл шешім балаларға арналған контенттің кеңеюіне маңызды қадам болатынын айтты.

«Қазақ тіліндегі мультфильмдер өте аз, ал YouTube сияқты қолжетімді платформаларда мүлде жоқтың қасы. Бүгінгі күні бұл үлкен мәселе, өйткені балалар теледидардан гөрі интернет пен YouTube-ты көбірек таңдайды. Балалар «Синий трактор» мен «Маша и Медведь» сияқты мультфильмдермен шектелмей, сапалы әрі қызықты қазақша мультфильмдерді көруі тиіс. Осы мақсатта, келесі жылдың бюджет жобасын қарастыру барысында, қазақ тіліндегі мультфильмдерді жасауға 350 миллион теңге бөлуді және олардың тек теледидарға емес, міндетті түрде интернетке, соның ішінде YouTube-ке жүктелуін қамтамасыз ететін норманы заңға енгіздік», – деді Аймағамбетов.

Ол қазақ тілінде сапалы контент жасау қиыншылықтарына және «Балапан» телеарнасы қаржыландырудың аздығына тоқталып, мультфильм жасаушылардың жұмысы көбінесе волонтерлік жұмысқа ұқсас екенін айтты.

«Қазақша балалар контентін жасауда белгілі бір қиындықтар бар. Мәселен, «Балапан» телеарнасының контент жасаушыларға төлейтін қаражаты өте аз болғандықтан, олар тек қазақ тілін қолдау мақсатында жұмыс істеп, көбіне волонтер сияқты әрекет етеді. Сондықтан, осы бюджет арқылы бөлінген қосымша қаражат қазақша контент сапасын арттыруға ықпал етеді деп сенеміз», – деді Аймағамбетов.

Тегтер: Асхат АймағамбетовБасты жаңалықтарБасты оқиғаларМультфильм
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақстандағы барлық электрондық журналдар 2026 жылдың соңына дейін біртұтас базаға біріктіріледі

Қазақстандағы барлық электрондық журналдар 2026 жылдың соңына дейін біртұтас базаға біріктіріледі

Дана Альсеитова
30 декабря, 2025

Қазақстанда білім беру деректерінің жаңа архитектурасы енгізілді. Бұл «QazTech» бұлтты платформасының базасында біртұтас орталықтандырылған деректер қоймасын құруды...

2026 жылғы күнтізбе: қазақстандықтар қанша күн жұмыс істеп, қанша күн демалады

2026 жылғы күнтізбе: қазақстандықтар қанша күн жұмыс істеп, қанша күн демалады

Дана Альсеитова
30 декабря, 2025

Бұл мәліметтер ресми мерекелер мен демалыс күндерінің ауысуын ескере отырып жасалған өндірістік күнтізбеде көрсетілген. 2026 жылғы ресми...

1991–2021 жылдары қаза тапқан құқық қорғау қызметкерлерінің отбасыларына жәрдемақы тағайындалады

1991–2021 жылдары қаза тапқан құқық қорғау қызметкерлерінің отбасыларына жәрдемақы тағайындалады

Дана Альсеитова
29 декабря, 2025

Қазақстанда 1991–2021 жылдар аралығында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қатысты маңызды...

Қазақстан ішінде балалардың әуе билеттері субсидияланады

Қазақстан ішінде балалардың әуе билеттері субсидияланады

Дана Альсеитова
29 декабря, 2025

Мәжіліс туризм саласын және балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға бағытталған түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, Қазақстан...

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандағы барлық электрондық журналдар 2026 жылдың соңына дейін біртұтас базаға біріктіріледі

Қазақстандағы барлық электрондық журналдар 2026 жылдың соңына дейін біртұтас базаға біріктіріледі

30 декабря, 2025
Шымкентте сегіз адамнан тұратын отбасы иіс газынан уланды

Шымкентте сегіз адамнан тұратын отбасы иіс газынан уланды

30 декабря, 2025
2026 жылғы күнтізбе: қазақстандықтар қанша күн жұмыс істеп, қанша күн демалады

2026 жылғы күнтізбе: қазақстандықтар қанша күн жұмыс істеп, қанша күн демалады

30 декабря, 2025
Еще одного бывшего сотрудника команды Кожамжарова судили

Қожамжаров командасының тағы бір бұрынғы қызметкері сотталды

29 декабря, 2025
«Активтерін үлкен ұлының атына жазып жіберген»: Назым Қахарман экс-күйеуі Бишімбаевпен тағы соттасты

«Активтерін үлкен ұлының атына жазып жіберген»: Назым Қахарман экс-күйеуі Бишімбаевпен тағы соттасты

29 декабря, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz