Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен Жайық Жанболатов ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтарына сәйкес алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, Жанболатовқа өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.
Іс материалдарына сәйкес, Жанболатов жауапты мемлекеттік лауазымды тұлға бола отырып, өзінің қызметтік жағдайын заңсыз пайдаланып, материалдық пайда алуға тырысты деген айып тағылған.
Жанболатов президенттің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы жарлығымен Қонаев қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған.