Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад Ресейден саяси баспана алды. Ол Мәскеуге отбасымен бірге келді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Кремльдегі дереккөз хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, Асад отбасымен бірге Мәскеуге келген.
«Ресей гуманитарлық тұрғыдан Асад пен оның отбасына баспана беруді жөн көрді», – деді агенттік өкілі. ондай-ақ Ресей билігі Сириядағы жағдайды реттеу үшін БҰҰ аясында бейбіт келіссөздерді қайта бастауды қажет деп санайды.
Бұл оқиға халықаралық қауымдастықтың назарын аударып, Сириядағы ұзаққа созылған қақтығысты шешу жолдарын іздестірудің маңыздылығын арттырды.