Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Мәулен Әшімбаев Заид атындағы халықаралық сыйлықтың қазылар алқасына енді

Жюри құрамында Португалияның бұрынғы президенті, БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары, Ливанның бірінші ханымы және кардинал Джанфранко Равази бар

Жандос Жантаев
2 Қазан, 2026
Қазақстан жаңалықтары
A A
Мәулен Әшімбаев Заид атындағы халықаралық сыйлықтың қазылар алқасына енді
WhatsappTelegram

Қазақстан Парламенті Сенатының бұрынғы төрағасы Мәулен Әшімбаев 2027 жылғы Заид атындағы «Адамзат бауырластығы үшін» халықаралық сыйлықтың қазылар алқасына кірді.

Жюри құрамы 30 қыркүйекте Абу-Дабиде ресми түрде жарияланды. Қазақстан бұл комиссия құрамында алғаш рет өкілдік етіп отыр. Әшімбаевпен бірге Португалияның бұрынғы президенті Марселу Ребелу де Соуза, БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары әрі Ирактың бұрынғы президенті Бархам Салих, Ливанның бірінші ханымы Немат Аун және кардинал Джанфранко Равази жұмыс істейді.

Chinovnik.kz Telegram-арнасының мәліметінше, Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын Әл-Азһардың Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайеб ұсынған. Ал сыйлықтың ресми хабарламасында Әшімбаевтың жюри құрамына енгені расталғанымен, оның кандидатурасын нақты кім ұсынғаны көрсетілмеген. (Media Office)

Қазылар алқасы Заид атындағы «Адамзат бауырластығы үшін» сыйлығының сегізінші лауреатын немесе лауреаттарын анықтайды. Сыйлық бейбіт қатар өмір сүруді, ынтымақтастықты және қоғамдар арасындағы диалогты дамытуға үлес қосқан адамдар мен ұйымдарға беріледі.

Сыйлық 2019 жылы Абу-Дабиде Рим Папасы Франциск пен Әл-Азһардың Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебтің тарихи кездесуінен кейін құрылды. Сол кездесуде «Адамзат бауырластығы туралы құжатқа» қол қойылған. Марапат БАӘ негізін қалаушы шейх Заид бин Сұлтан Әл Нахаянның құрметіне аталған. Жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды.

Мәулен Әшімбаев Қазақстан Парламенті Сенатын 2020 жылғы мамырдан бастап 2026 жылғы конституциялық реформа аясында екі палаталы Парламенттің жұмысы аяқталғанға дейін басқарды. Сенаттың соңғы отырысы 29 маусымда өткен.

Сыйлық ұйымдастырушыларының мәліметінше, 2027 жылғы жюри құрамында Қазақстан, Италия, Ирак және Ливан алғаш рет өкілдік етіп отыр.

Тегтер: аид атындағы халықаралық сыйлықБасты жаңалықтарБасты оқиғаларқазылар алқасыМәулен Әшімбаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Оман Сұлтаны Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келді

Оман Сұлтаны Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келді

Жандос Жантаев
6 Қазан, 2026

Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саид Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапарды...

Қазақстан түркі елдерінің медициналық университеттерін біріктіруді ұсынды

Қазақстан түркі елдерінің медициналық университеттерін біріктіруді ұсынды

Жандос Жантаев
5 Қазан, 2026

Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер үшін бірнеше бірлескен медициналық жобаны іске қосуды ұсынды. Олардың арасында желілік...

«Семей орманы» аумағындағы құнды орман телімдеріне кіру ақшаға сатылған

«Семей орманы» аумағындағы құнды орман телімдеріне кіру ақшаға сатылған

Жандос Жантаев
2 Қазан, 2026

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында заңсыз ағаш кесу мен оны сатуға байланысты ықтимал жемқорлық схемасы тергеліп...

Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды

Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды

Жандос Жантаев
1 Қазан, 2026

Жобаға 344 млн доллар инвестиция салынды. Зауытта жылына 1 млрд литрге дейін сусын өндіріледі. Мұнда 230-ға жуық...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz