Азамат Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды, – деп мәлімдеді Ақорда.
Ол 2023 жылы 4 қаңтарда Әділет министрі болып тағайындалған.