Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

ҚазҰУ-да көз жұмған студенттің туыстары оның соққыға жығылғанын мәлімдеді

Полиция күдіктіні ұстады. Студент өлімінің мән-жайы анықталып жатыр

Жандос Жантаев
17 Қараша, 2026
Қазақстан жаңалықтары
A A
ҚазҰУ-да көз жұмған студенттің туыстары оның соққыға жығылғанын мәлімдеді
WhatsappTelegram

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті Дауыл Бәкіртайдың туыстары оның қайтыс болар алдында жатақханада соққыға жығылған болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы SONA.KZ ZTB⁠ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның бөле әпкесі Ұлдана Егізбайдың айтуынша, бастапқыда отбасына студенттің құлап қалғаны және денсаулығына қатысты мәселе болғаны айтылған. Кейін туыстары екінші курстың сегіз студенті екі бірінші курс студентіне күш қолданғаны туралы естіген.

Егізбай Дауылға электрошокер қолданылып, соққыға жығылғанын, кейін екінші студентті оны бір сағаттай аяғынан көтеріп ұстауға мәжбүрлегенін айтады. Оның сөзінше, отбасы бұл мәліметті аудандық полиция бөлімінде білген. Туыстары Дауылдың бұған дейін де жоғары курс студенттерінің қысымы туралы айтқанын жеткізді.

Полицияның жарияланған түсініктемесінде отбасы айтқан жайттар ресми түрде расталмаған. Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталғанын хабарлады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

17 қарашада ҚазҰУ әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор мен география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы қызметінен босатылғанын мәлімдеді. Бұған міндеттерін, соның ішінде жатақханадағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын тиісті деңгейде орындамауы себеп болған.

Оқиға болған күні кезекшілікте тұрған қызметкерлер де жұмыстан шеттетілді. Олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр. Университет деректерді жасырмайтынын және тергеуге толық көмектесетінін мәлімдеді. Жатақханаларда кешкі бақылау күшейтіліп, қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілді.

Тегтер: алматыБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚАЗҰУ
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Алғашқы жарнасы 10 пайыздық ипотека Отбасы банкпен шектелмеуі мүмкін

Алғашқы жарнасы 10 пайыздық ипотека Отбасы банкпен шектелмеуі мүмкін

Жандос Жантаев
17 Қараша, 2026

Қаржылық модель Отбасы банкпен әзірленіп жатыр, алайда қатысушылар қатары кеңеюі мүмкін. Қазақстанда алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын...

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру қызметі QazETA қосымшасында іске қосылды

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру қызметі QazETA қосымшасында іске қосылды

Жандос Жантаев
10 Қараша, 2026

9 қарашадан бастап Қазақстанда уақытша жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ЖСН-ді QazETA қосымшасы арқылы ала алады....

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын 6%-бен лизингке беру қайта басталды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын 6%-бен лизингке беру қайта басталды

Жандос Жантаев
10 Қараша, 2026

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын 6%-бен лизингке беру қайта басталды Қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін. Отандық техниканы бастапқы...

Navai-дың Қазақстанға кіруіне бес жылға тыйым салынды

Navai-дың Қазақстанға кіруіне бес жылға тыйым салынды

Жандос Жантаев
20 Қазан, 2026

Ресейлік рэпер Navai-дың Қазақстанға кіруіне бес жылға тыйым салынды. Шектеу мерзімі оның елден нақты шыққан күнінен бастап...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz