Бұған дейін әлеуметтік желіде журналист Гүлмира Әбіқай Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына кіреберіс алып көпірдің асты күші тасыған оқушыларға күшті мекен екенін, топтық төбелес те, тығылып ішу мен темекі тарту да осында болатынын жазған еді. «Оған себеп – 9 сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған. Жасөспірім аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Бірақ ата-анасы өзімізді кінәлі қылуда деген. Ата-ананы тыңдамайтын, тәртіпке бағынбайтын, инспектордан ықпайтын баланың орны – колония. Ешкім баласын бақша, мектеп, әскерге мүгедек болсын деп жібермейді», – деген жазбасында журналист.
Алайда, оқушының анасы жолдаған бейнеүндеуде «Осы жылдың 31 қаңтарында кәмелетке толмаған ұлым жергілікті ауруханаға түсті. Қаланың кіреберіс көпірінің астында ұлымды ешкім соққыға шыққан жоқ және ешқандай топтық төбелес болған жоқ. Желіде тарап жатқан ақпаратқа емес, тек ресми мекеменің, ақпарат құралының мәліметіне сенулеріңізді сұраймын» деген.
Бұған қатысты Қонаев қалалық білім бөлімі арнайы комиссия құрып, қарастырған соң түсініктеме берді.
«2025 жылдың 31 қаңтар күні кәмелетке толмаған А. есімді оқушы Қонаев қаласы көпсалалы ауруханасының жан сақтау бөліміне «Химиялық антисептикпен ұлану» диагнозымен түскен. 31 қаңтар күні Қонаев қаласының полиция басқармасында іс тіркеліп, бүгінгі күні тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде жасөспірім толық есін жиып, ауруханада ем қабылдауда, жағдайы қалыпты. Білім бөлімі тарапынан орта мектеп-гимназиядағы тәртіптік жағдайды тексеруге комиссия құрылды. Тексеріс қорытындысына сәйкес, қосымша хабарлама беріледі», – деп жауап берді.
Ал жергілікті Полиция департаменті істің мән-жайы туралы: «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерттеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған жұмыстардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», – деген түсініктеме берді.
Сонымен, ата-анасы баласының жағдайына төбелестің қатысы жоқ десе де, өзін-өзі өлтіруге әрекеттенуіне не себеп?
Посмотреть эту публикацию в Instagram