Жылыту маусымына дайындық аясында «Жылу Орталығы» МКК-да қазандық жабдықтары мен жылу желілеріне кешенді жөндеу және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, 2 қазандыққа күрделі жөндеу жасалды. Сонымен қатар 74 бірлік қазандық жабдығында ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 2,22 шақырым болатын жылу желісі күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ 95 бірлік ысырмаға ағымдағы жөндеуден өтіп, тексерілді. Аталған бағыттар бойынша жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды.
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба» аясында кәсіпорын жылу желілерін жаңғырту бойынша екі жобаны жүзеге асырды. Жұмыстар Сейфуллин көшесіндегі жылу желілерінің учаскелерін, сондай-ақ Сейфуллин және Қонаев көшелерінің қиылысындағы жылу трассасын қамтыды. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, гидравликалық сынақтар жүргізілді.
Тұтынушыларға жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алдымен мектептер, балабақшалар және басқа да әлеуметтік нысандар жылуға қосылады. Одан кейін тұтынушылардың қалған санаттарына жылу беріледі.




