Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Риддер қаласында жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жұмыс уақыты енді сағат 08.00-де басталады.

Жандос Жантаев
14 Наурыз, 2025
Аймақ
A A
Риддер қаласында жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді
WhatsappTelegram

Кеншілер шаһарында мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және әлеуметтік қызметтер үшін жұмыс кестесі өзгерді. Енді жұмыс күні сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жалғасады. Ал түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді.

Демек, осындай жаңашылдық облыстағы 13 қала, ауданның 12-сінде енгізілді. Бұл бастама еңбек үдерістерін оңтайландыруға және аймақтың климаттық жағдайларын ескере отырып, жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Алайда бұл өзгеріс мектептердің, балабақшалардың және медициналық мекемелердің жұмысына әсер еткен жоқ.

Риддерліктердің пікірінше, жаңа жұмыс кестесі ыңғайлы.

«Бұл – дұрыс және уақтылы шешім. Біріншіден, таңертең қараңғыда жұмысқа бармайтын болдық. Екіншіден, таңғы уақытта өнімділік жоғары, жұмыс істеу жеңілірек әрі жылдамырақ», – дейді қала тұрғыны Ляззат Шаяхметова.

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Болат Акужанов жаңа жұмыс кестесі тұрғындармен мұқият талқыланғанын атап өтті. «Біз жергілікті халықпен бірқатар кездесу өткізіп, бұл мәселені жіті талқыладық. Қала тұрғындары бастаманы қолдады», – дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Катонқарағай ауданында жұмыс уақыты бір сағатқа кері шегерілгені хабарланған.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларЖұмыс кестесіРиддер қаласыСағат ауысты
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қонаевта «Ауылым – алтын бесігім» мәдени күндері өтті

Қонаевта «Ауылым – алтын бесігім» мәдени күндері өтті

Жандос Жантаев
16 Қазан, 2026

Осы мұраны дәріптеп, өнер мен дәстүр сабақтастығын нығайту мақсатында Қонаев қаласында «Ауылым – алтын бесігім» атты аудан...

Қонаевта жылу 12 қазаннан беріле бастайды

Қонаевта жылу 12 қазаннан беріле бастайды

Жандос Жантаев
9 Қазан, 2026

Жылыту маусымына дайындық аясында «Жылу Орталығы» МКК-да қазандық жабдықтары мен жылу желілеріне кешенді жөндеу және профилактикалық жұмыстар...

Түркістан облысында екі бала пиротехника қолданған кезде жарақат алды

Түркістан облысында екі бала пиротехника қолданған кезде жарақат алды

Жандос Жантаев
26 Желтоқсан, 2025

Түркістан облысында екі кәмелетке толмаған бала пиротехника қолданған кезде жарақат алды. Оқиға жеке үй ауласында болды, балалар...

Қостанай облысында медициналық жабдықтар сатып алуда ірі сыбайлас жемқорлық әшкереленді

Қостанай облысында медициналық жабдықтар сатып алуда ірі сыбайлас жемқорлық әшкереленді

Жандос Жантаев
23 Желтоқсан, 2025

Қостанай облысында медициналық жабдықтарды сатып алу саласында ірі сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды, деп хабарлайды Sona.kz облыстық прокуратураға...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz