Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Билік

Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды – Президент

Тоғжан Төлеген
14 Наурыз, 2025
Билік
A A
Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды – Президент
WhatsappTelegram

Үш жылда саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Ең алдымен бүгін Амал күні баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шығып, ағайын-бауырмен көрісу – ежелден келе жатқан ата дәстүріміз. Бұл күн – Әз-Наурыздың бастауы. Еліміздің төл мерекесі биыл да қасиетті Ораза айына орайлас келіп отыр. Қастерлі мейрамдарымыз халқымызды игі амалдар жасауға үндейді. Асыл қасиеттерімізді кеңінен дәріптейді. Құрылтайдың ұлық мерекелермен қатар өтіп жатқаны – жақсылықтың нышаны», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осыдан үш жыл бұрын наурыз айында арнайы Жолдау жариялағанын еске салды.

«Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформа жасайтынымызды айттым. Сол кезде алғаш рет Ұлттық құрылтай туралы бастама көтердім. Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды. Саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыры кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Адам құқықтарын қорғау жүйесі жақсарды. Конституциялық сот құрылды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың белсене қатысуына жол ашылды. Басқа да бағыттарда маңызды реформалар жасалды», – деді Президент.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларБурабайҚасым-Жомарт ТоқаевҰлттық құрылтай
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи үндеуі: Жаңа Конституция

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи үндеуі: Жаңа Конституция

Дана Альсеитова
17 Наурыз, 2026

Ақорда төрінде өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның мемлекетіміздің ұзақ мерзімді даму миссиясын айқындайтын тарихи...

Салтанатты сәт: Құрмет қарауылы Қазақстанның жаңа Конституциясын Ақордаға алып келді

Салтанатты сәт: Құрмет қарауылы Қазақстанның жаңа Конституциясын Ақордаға алып келді

Дана Альсеитова
17 Наурыз, 2026

Ақорданың салтанатты залында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын енгізу рәсімі ерекше рухта өтті. Мемлекеттік ту мен Президент байрағынан...

Тарихи сәт: Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа Конституциясына қол қойды

Тарихи сәт: Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа Конституциясына қол қойды

Дана Альсеитова
17 Наурыз, 2026

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мәтініне қол қойып, ел тарихындағы маңызды белесті...

Тарихи сәт: Ақордада жаңа Ата заңды ұлықтау рәсіміне дайындық жүріп жатыр

Тарихи сәт: Ақордада жаңа Ата заңды ұлықтау рәсіміне дайындық жүріп жатыр

Дана Альсеитова
17 Наурыз, 2026

Ақорда резиденциясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға арналған салтанатты жиынға қызу дайындық жүріп жатыр. Бұл шара жалпыхалықтық...

Қатысты жаңалықтар

Дәстүр мен инновация үйлесімі: Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды

Дәстүр мен инновация үйлесімі: Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды

21 Наурыз, 2026
Аңыз адам бақилық болды: Экшн-фильмдердің жұлдызы Чак Норрис 86 жасында өмірден озды

Аңыз адам бақилық болды: Экшн-фильмдердің жұлдызы Чак Норрис 86 жасында өмірден озды

20 Наурыз, 2026
Наурыз на дороге: полиция области Жетісу провела акцию «Приемная на дороге»

Жолдағы Наурыз: Жетісу облысының полицейлері «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді

20 Наурыз, 2026
Абай облысындағы Орлов шахтасындағы қайғылы жағдай: Газ шығуынан бір жұмысшы қаза тапты

Абай облысындағы Орлов шахтасындағы қайғылы жағдай: Газ шығуынан бір жұмысшы қаза тапты

20 Наурыз, 2026
Ораза айт мерекесі басталды: Қазақстан мешіттерінде айт намазы оқылды

Ораза айт мерекесі басталды: Қазақстан мешіттерінде айт намазы оқылды

20 Наурыз, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz