Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sona.kz BES.media басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін ол Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болған. Жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ақпарат 21 қазанда жарияланды.
Асқар Омаров 1976 жылғы 30 маусымда Алматыда туған. Еңбек жолын 1997 жылы Республикалық мәдениет проблемалары орталығында бастаған. Кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат агенттіктері мен мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеген.
Әр жылдары «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігін басқарған, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, кейін министрі қызметтерін атқарған.




