Қазақстанда жаңа ірі тілдік модель – Alem LLM таныстырылды, — деп хабарлайды Sona.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Бұл – қазақ тіліне бейімделген үшінші модель. Алғашқысы — KazLLM, кейін халықаралық Presight G42 компаниясымен бірлескен нұсқа шыққан. Ал 2025 жылы Alem LLM құрылды.
Комитет төрағасы Ғиззат Байтурсыновтың айтуынша, Alem LLM YuAI Lightning негізінде жасалған. Оның параметрлер саны — 246 миллиард, және қазақ тіліндегі нәтижесі бойынша ChatGPT пен Gemini-ден асып түседі.
Модель ашық қолжетімді болады. Кез келген адам оны жүктеп, өз өнімін жасауға пайдалана алады.
Alem LLM болашақта мемлекеттік жүйелерге — eGov, e-Otinish және басқа платформаларға енгізіледі.









