1 қыркүйекте Қазақстан мектептеріне 4,1 миллион оқушы барады. Оның ішінде 341 мыңы – бірінші сынып оқушылары, деп хабарлайды Sona.kz Білім ZTB.News-ке сілтеме жасап.
Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, елде 8 мың мектеп жұмыс істейді. Биыл 232 мың оқушы 11-сыныпты тәмамдайды.
Жаңа оқу жылынан бастап білім беру процесіне жасанды интеллект элементтері енгізіледі. AI пәндері «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» сабақтарынан басталады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасымен мектептерді басқарудың жаңа стандарты әзірленді. 3 мыңнан астам «жайлы мектеп» мұғалімдері үш деңгейлі оқытудан өтіп, жаңа модель қыркүйектен бастап іске қосылады.









