Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Мәдениет

Қонаевта Мүгедектігі бар адамдар күні аталып өтті

Қонаев қаласында мейірім мен ізгілікке толы ерекше мереке - Мүгедектігі бар адамдар күні аталып өтті.

Дана Альсеитова
15 октября, 2025
Мәдениет
A A
В Конаеве отметили День людей с инвалидностью
WhatsappTelegram

Шараға ерекше балалар мен олардың ата-аналары, әлеуметтік сала мамандары және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Іс-шараны қала әкімі Асхат Бердіханов ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Ол мемлекет тарапынан мүгедектігі бар азаматтардың өмір сапасын жақсартуға және әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге айрықша көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

«Бүгінде Қонаев қаласында 1416 мүгедектігі бар азамат, оның ішінде 325 ерекше бала бар. «Жеке оңалту бағдарламасы» аясында 240 адам санаторийлік жолдамамен, 46 азамат арба және тифло-сурдо құралдарымен қамтамасыз етілді», – деді ол.

Бұдан бөлек, шаһар басшысы үйде білім алатын балалардың отбасыларына 31 456 теңге көлемінде жәрдемақы төленіп жатқанын айтты.

«Биыл үш ерекше баласы бар отбасы өз кәсібін бастауға грант алды. Бұл – мемлекетіміздің әлеуметтік әділдік пен тең мүмкіндіктер қағидатына деген берік ұстанымының айғағы», – деді қала әкімі.

Асхат Бердіханов ерекше жандарды қоғам өміріне бейімдеуге үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

Марапат иелері қатарында «Қапшағай Самға» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Марат Бекенұлы, «Қамқор жүрек» бірлестігінің басшысы Ләззат Иманғалиқызы, сондай-ақ «Мейірім Қонаев-2025», «Алтын бала», «Ерекше балалар ата-аналарының одағы», «Күндізгі болу орталығы» ұйымдарының жетекшілері бар. Өнерпаз балалар да назардан тыс қалмай, оларға Алғыс хат табысталды.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласып, ерекше балалар мен олардың ұстаздары ән шырқап, би биледі. Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында аниматорлар мен түрлі ойындар ұйымдастырылды, ал «KazSMU» құрылыс компаниясы бүлдіршіндерге сыйлықтар тарту етті.

Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, мейірім мен қуанышқа толы сәттердің куәсі болды.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларҚонаевМүгедектігі бар адамдар күні
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Сериал о Жошы хане презентуют на престижных международных платформах

Жошы хан туралы сериал беделді халықаралық платформаларда көрсетіледі

Дана Альсеитова
20 января, 2026

Жошы ханға арналған деректі көпсериялы фильмнің премьерасы беделді халықаралық платформаларда өтеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Billie Eilish пен Drake-пен бір сахнада: қазақстандық Yenlik Colors шоуына шығады

Billie Eilish пен Drake-пен бір сахнада: қазақстандық Yenlik Colors шоуына шығады

Дана Альсеитова
12 января, 2026

Қазақстандық әртіс Еңлік Кұрарбек, сахнада Yenlik деген атпен танымал, Colors шоуының жаңа сериясына қатысады. Бұл YouTube платформасындағы...

Қазақстандық актер Мұрат Бисембин қайтыс болды

Қазақстандық актер Мұрат Бисембин қайтыс болды

Дана Альсеитова
8 января, 2026

Бисембин Руслан рөлі арқылы кең танымал болды, ол культтік «Рэкетир» фильмі мен оның жалғастыруларында ойнаған. Актердің фильмографиясында...

Актриса Вера Алентова өмірден озды

Актриса Вера Алентова өмірден озды

Дана Альсеитова
25 декабря, 2025

Вера Алентова, театр және кино өнері арқылы танымал ресейлік актриса, 83 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Sona.kz...

Қатысты жаңалықтар

eGov-тағы үйірме деректері ата-аналар арасында сұрақ туғызды

eGov-тағы үйірме деректері ата-аналар арасында сұрақ туғызды

4 февраля, 2026
Қазақстанда шағын бизнеске салық өсімпұлы мен айыппұлдар кешіріледі

Қазақстанда шағын бизнеске салық өсімпұлы мен айыппұлдар кешіріледі

4 февраля, 2026
Қандай жағдайда банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылады

Қандай жағдайда банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылады

4 февраля, 2026
Подозреваемых в убийстве судьи Айгуль Сайлыбаевой обнаружили в Москве

Судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты Александр Донцов пікір білдірді

4 февраля, 2026
2026 жылдан бастап салық қарызы бар азаматтардың шоттары бұғатталады

2026 жылдан бастап салық қарызы бар азаматтардың шоттары бұғатталады

4 февраля, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz