Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Оқиғалар

Түркістанда 15 жастағы оқушыны сыныптастары ұрып өлтірді

Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктілерді ұстады

Жандос Жантаев
11 Қараша, 2025
Оқиғалар
A A
Трагедия в Туркестане: 15-летнего школьника насмерть избили сверстники

фото: telegram-канал Jagdai

WhatsappTelegram

Түркістан қаласында 15 жастағы мектеп оқушысы сыныптастарының соққысынан көз жұмды, деп хабарлайды Sona.kz Telegram-канал Jagdai — ға сілтеме жасап.

Jagdai Telegram арнасының мәліметінше, жасөспірімді зират маңына алдап шақырып, аяусыз ұрған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Марқұмның ағасының айтуынша, шабуылдағандар төртеу болған.

«Олар кезек-кезек сегіз соққы жасады, барлығы жүрек тұсына тиген. Жүрегі жарылып, бірден қайтыс болды», — деді туысы.

Жасөспірім әкесіз өскен, физикаға қызығып, болашақта КНБ қызметкері болуды армандаған.

Түркістан облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«3 қарашада Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы көз жұмды. Тергеу тобы барлық қажетті шараларды жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал кезінде бір оқушы екіншісіне кеуде тұсына соққы жасаған, соның салдарынан ол сол жерде қайтыс болған», — делінген хабарламада.

Күдікті және оқиға куәгерлері ұсталды. Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында.

Сонымен қатар ата-аналар балаларын дұрыс тәрбиелемеу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды.

Полиция өкілдері осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

 

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларкөз жұмдыоқушыТүркістан
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Ақтөбе облысында тау жынысы опырылып, шахта жұмысшысы қаза тапты

Ақтөбе облысында тау жынысы опырылып, шахта жұмысшысы қаза тапты

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Ақтөбе облысындағы Дон тау-кен байыту комбинатының шахтасында тау жынысы опырылып, 2002 жылы туған кенші қаза тапты. Оқиға...

Қызылордада өлімге әкелген жол апатының күдіктісі іздестірілуде

Қызылордада өлімге әкелген жол апатының күдіктісі іздестірілуде

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Қызылордада әйел мен оның сәбиін қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші іздестіріліп жатыр. Ауруханаға жеткізілген бала қайтыс...

Қазақстан аспанында Ресейдің жолаушылар ұшағы апат белгісін берді

Қазақстан аспанында Ресейдің жолаушылар ұшағы апат белгісін берді

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Ресейдің S7 Airlines әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Қазақстан аумағының үстінен ұшып бара жатқанда апат белгісін берген....

Қарақұрт жұтқан екі жасар қызды дәрігерлер аман алып қалды

Қарақұрт жұтқан екі жасар қызды дәрігерлер аман алып қалды

Жандос Жантаев
16 Қазан, 2026

Маңғыстау облысында дәрігерлер қарақұрт жұтып қойған екі жасар қыздың өмірін сақтап қалды. Бала комаға түсіп, он тәулік...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz