Қазақстан армиясында жаңа оқу жылы басталды
1 желтоқсанда Қазақстан Қарулы күштерінде жаңа оқу жылы басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жаңа оқу кезеңінде бөлімшелердің жауынгерлік даярлығын арттыру, тактикалық дағдыларды жетілдіру және әскер түрлері арасындағы үйлесімділікті дамыту жоспарланған. Биыл оқу бағдарламаларын жаңарту және заманауи дайындық әдістерін енгізу негізгі басымдықтардың бірі болмақ.
Оқу процесі Жауынгерлік даярлық кешенінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.









