Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Қонаевта Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназияны күрделі жөндеу басталды

Жандос Жантаев
17 Қыркүйек, 2026
Қазақстан жаңалықтары
A A
Қонаевта Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназияны күрделі жөндеу басталды
WhatsappTelegram

Қонаев қаласында Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназияны күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 1967 жылы салынған білім ордасы осы уақытқа дейін күрделі жөндеуден өтпеген. Бүгінде мұнда 1150 оқушы екі ауысымда білім алады. Мектептің жобалық қуаты – 960 орын.

Жөндеу жұмыстары жалпы аумағы 4359 шаршы метрді құрайтын нысанды толық жаңартуды қамтиды. Оның 3800 шаршы метрін ғимараттың өзі алып жатыр. Жоба аясында оқу кабинеттері, спорт залы мен асхана жаңартылады. Сонымен қатар терезелер ауыстырылып, ғимараттың қасбеті мен шатыры жөнделеді.

Мектептің спорттық инфрақұрылымын дамытуға да басымдық беріледі. Жалпы аумағы 1,2 гектар стадион жаңартылып, баскетбол және футбол алаңдары ретке келтіріледі. Бұдан бөлек, жаңа воркаут алаңы мен жүгіру аймағы салынады. Жас спортшылар үшін санитарлық тораптар, жуынатын және шешінетін бөлмелер қарастырылады.

Аула абаттандырылып, көгалдандырылған жерлерді автоматты суару жүйесі орнатылады. Сондай-ақ мектеп пен кітапхананың арасындағы аумақта тұрғындарға арналған қоғамдық демалыс орны пайда болады.

Қазіргі уақытта мектеп оқушылары қаладағы екі басқа білім беру ұйымында білім алуда.

Айта кетейік, Қонаевта білім беру нысандарын жаңғырту жүйелі түрде жалғасып келеді. Биыл А.Жұбанов атындағы №5 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, қайта пайдалануға берілді. Ал өткен жылы Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектеп күрделі жөндеуден өткен.

Қазір қаладағы 17 білім беру ұйымында 13 724 оқушы білім алады.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларжөндеуҚонаевШ.Уәлиханов атындағы №2 гимназия
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Главы Конституционного суда, ЦИК и Высшей аудиторской палаты сохранили свои посты

Тоқаев Азимова, Әбдіров және Смайыловты қызметтеріне қайта тағайындады

Жандос Жантаев
18 Қыркүйек, 2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш мемлекеттік органның басшысын қызметтеріне қайта тағайындады. Эльвира Азимова Конституциялық соттың төрағасы, Нұрлан Әбдіров...

Кешенді даму жоспары: Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделуде

Кешенді даму жоспары: Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделуде

Жандос Жантаев
17 Қыркүйек, 2026

Қонаев қаласының Кешенді даму жоспары аясында Шеңгелді ауылында 16 көшенің жалпы ұзындығы 8,6 шақырым болатын жолына орташа...

Жезқазғанда әкім ауысты: қаланы Мұрат Бөрібаев басқарады

Жезқазғанда әкім ауысты: қаланы Мұрат Бөрібаев басқарады

Жандос Жантаев
17 Қыркүйек, 2026

Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Сәтбаев қаласын басқарған, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға...

Қазақстан мұнай өңдеуді екі есе арттырады

Қазақстан мұнай өңдеуді екі есе арттырады

Жандос Жантаев
14 Қыркүйек, 2026

Қазақстан мұнай өңдеу көлемін қазіргі шамамен 18 млн тоннадан жылына 39 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр....

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz