Экономика министрлігінің бұрынғы басшысы, қазір сотталып жатқан Қуандық Бишімбаевтің бұрынғы жұбайы Назым Қахарман туған күніне орай күтпеген «сыйлық» алғанын хабарлады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
Назымның айтуынша, мерекелік күн жақсы басталған: ұлы түн ортасында құттықтаған, қызы таңертең оятып сүйген, ал үлкен баласы шоколадқа батырылған құлпынай мен басқа да сыйлықтар жасаған.
Алайда, оның сөзінше, таңертең тағы бір «сыйлық» келген. Бұрынғы күйеуінен екі талап-арыз жөнелтілген.
«Өте шұғыл жеткізілім ұйымдастырылыпты, мен күнді екі талап-арызбен бастауым үшін. Бір жыл бұрын біз оның ата-аналық құқығынан айыру мәселесін қарағанда, сот оны сенімхат беруге міндеттеген еді. Ол оны берді, бірақ ол сенімхат он ай ғана тұрды. Тамыз айының соңында ол оны толық қайтарып алды. Енді балалардың өз бетімен сапарға шығуы үшін берілген келісімді де кері қайтарып жатыр», — деді Қахарман.
Оның пікірінше, бұл қысым көрсету әрекеті.
«Ол бәрін мәжбүрлеу үшін жасап отыр, балаларды өзімен сөйлесуге мәжбүрлеу, мені де қысымға алу үшін», — деді ол.
Назым мұны құқықтық процесс емес, психологиялық қысым ретінде қабылдайтынын айтты.
«Өкінішке қарай, мұндай адамдардан құтылу қиын. Олар соңына дейін жабысып алады. Өзіме не тілеймін? Тек бір нәрсе, қоя салса екен», — деп қорытындылады ол.









