Астанада әйелді автобус қағып, мерт қылды
Астанада автобус жүргізушісі әйелді қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында мерт болды.
Алдын-ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен келе жатып, Тұран даңғылына оңға бұрылған. Ол жерде жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Қатты соққы алған адам оқиға орнында көз жұмды.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Оразалы Ержанов жаңа Конституция жобасы туралы жазбалардан кейін ұсталды
Қоғам белсендісі, бұрынғы банкир Оразалы Ержанов ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде журналист әрі редактор Ирина Петрушова...









