Астанада әйелді автобус қағып, мерт қылды
Астанада автобус жүргізушісі әйелді қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында мерт болды.
Алдын-ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен келе жатып, Тұран даңғылына оңға бұрылған. Ол жерде жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Қатты соққы алған адам оқиға орнында көз жұмды.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Қарт кісі баспанасын сатып, түскен ақшаны алаяқтарға аударып жіберген
Көкшетауда 74 жастағы зейнеткер пәтерін сатып, түскен ақшаны алаяқтарға беріп жіберген. Облыстық ПД мәліметінше, қылмыскерлер әйелді арнайы...