2026 жылғы 3 сәуірде Кеген ауданында «Кеген — Нарынқол» республикалық маңызы бар автожолының 20-шақырымында жол төсемінің опырылуы орын алды. Алдын ала мәлңмет бойына оқиғаға су өткізу құбырының толып қалуы салдарынан топырақтың шектен тыс ылғалдануы себеп болған.
Кеген ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, капитан Оспаевтың мәліметінше, апат салдарынан зардап шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың күшімен көлік қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында айналма жол салу жұмыстары жүргізілуде. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында.









