Қарағанды облыстық Полиция департаменті 12 сәуірде Трудовая көшесіндегі балалар алаңында орын алған құқық бұзушылық дерегі бойынша тексеру іс-шараларын бастады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кәмелетке толмағандар арасындағы жанжалға ересек ер адам араласқан. Ол балаға қатысты физикалық күш қолданып, соның салдарынан кәмелетке толмаған баланың денсаулығына зиян келген, деп хабарлайды Sona.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтап, жауап алу үшін полиция бөліміне жеткізді. Тексеру аясында тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша күш қолданған тұлғаның әрекетіне түпкілікті құқықтық баға беріліп, ҚР заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылданады.









