Астанада әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.
Полиция мәліметінше, шабуыл туралы хабар 22 қыркүйек күні шамамен сағат 20:00-де түскен.
Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамның әйелге пышақ жарақатын салғанын анықтаған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа да түсініктеме берді. Астана қаласының Полиция департаменті ұсталған адамның құқық қорғау органының қызметкері емес екенін мәлімдеді.
Тергеу елордалық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.




