Алматыда Bes.Media редакциясының қызметкерлері 10-қабат деңгейінде ғимараттың сыртында тұрған екі жасты құтқарып қалды.
Полиция мәліметінше, оқиға таңертең журналистер жұмысқа келген кезде болған. Олар терезенің сыртында тұрған екі адамды байқап қалған.
Жағдай өте қауіпті болған. Редакция қызметкерлері алдымен жастарды ішке кіруге көндіруге тырысқанымен, бұл нәтиже бермеген.
Содан кейін журналистер Артём Шляхов, Александр Жданов және Дамир Байманов оларды ұстап қалып, ғимарат ішіне кіргізуге көмектескен.
Оқиға орнына мамандар келіп, жастарға қажетті көмек көрсетті. Кейін олар профильді медицина мамандарына тапсырылды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Алматы полициясы Артём Шляхов, Александр Жданов және Дамир Баймановқа батылдығы мен бейжай қалмағаны үшін алғыс білдірді.
Ведомство олардың әрекеті қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектескенін атап өтті.




