Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары

Оман Сұлтаны Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келді

Оман Қазақстанға өз порттарын жаңа нарықтарға шығу үшін белсенді пайдалануды ұсынды

Жандос Жантаев
6 Қазан, 2026
Қазақстан жаңалықтары
A A
Оман Сұлтаны Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келді
WhatsappTelegram

Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саид Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапарды екі ел арасындағы қарым-қатынас үшін тарихи оқиға деп атады.

Ресми қарсы алу рәсімі 6 қазанда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті. Одан кейін екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Тоқаев бұл Хайсам бен Тариктің Оман Сұлтаны ретінде Орталық Азияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтті.

Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту болды. Тараптар мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық сақтау және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды талқылады.

Энергетика саласына ерекше назар аударылды. Қазақстан Президенті сапар аясында Доңға мұнай кен орнына қатысты маңызды келісімге қол қойылғанын хабарлады.

Көлік және логистика мәселелері де талқыланды. Оман тарапы Қазақстан жүктерін Парсы шығанағы, Үнді мұхиты, Азия және Африка нарықтарына шығару үшін елдің теңіз порттарын белсендірек пайдалануды ұсынды.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы тікелей әуе рейстерінің санын арттыруға мүдделі екенін білдірді.

Хайсам бен Тарик Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы стратегиялық орналасуына және Оманның теңіз көлік торабы ретіндегі мүмкіндіктеріне назар аударды.

Келіссөздер қорытындысында тараптар негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты. Оман Сұлтаны Қасым-Жомарт Тоқаевты еліне сапармен келуге шақырды.

2027 жылы Қазақстан мен Оман дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуын атап өтеді.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларҚазақстанҚасым-Жомарт ТоқаевОман Сұлтаны
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
ҚазҰУ-да көз жұмған студенттің туыстары оның соққыға жығылғанын мәлімдеді

ҚазҰУ-да көз жұмған студенттің туыстары оның соққыға жығылғанын мәлімдеді

Жандос Жантаев
17 Қараша, 2026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті Дауыл Бәкіртайдың туыстары оның қайтыс болар алдында жатақханада соққыға жығылған болуы...

Алғашқы жарнасы 10 пайыздық ипотека Отбасы банкпен шектелмеуі мүмкін

Алғашқы жарнасы 10 пайыздық ипотека Отбасы банкпен шектелмеуі мүмкін

Жандос Жантаев
17 Қараша, 2026

Қаржылық модель Отбасы банкпен әзірленіп жатыр, алайда қатысушылар қатары кеңеюі мүмкін. Қазақстанда алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын...

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру қызметі QazETA қосымшасында іске қосылды

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру қызметі QazETA қосымшасында іске қосылды

Жандос Жантаев
10 Қараша, 2026

9 қарашадан бастап Қазақстанда уақытша жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ЖСН-ді QazETA қосымшасы арқылы ала алады....

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын 6%-бен лизингке беру қайта басталды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын 6%-бен лизингке беру қайта басталды

Жандос Жантаев
10 Қараша, 2026

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын 6%-бен лизингке беру қайта басталды Қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін. Отандық техниканы бастапқы...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz