Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Оқиғалар

Астанада автобустан түскен қыздың соңынан еріп, оған тиіскен ер адам ұсталды

Ер адам қызбен бір аялдамадан түсіп, жұмыс орнына дейін соңынан ерген

Жандос Жантаев
16 Қазан, 2026
Оқиғалар
A A
В Астане мужчина преследовал девушку после поездки в автобусе и домогался её
WhatsappTelegram

Астанада қызды аңдып, оған қатысты әдепсіз әрекет жасаған 27 жастағы ер адам ұсталды. Оқиға 12 қазанда болған. Қыз бейнебақылау камераларындағы жазбаларды әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін жағдай көпшіліктің назарын аударды.

HALYQSTAN мәліметінше, қыз қоғамдық автобуста келе жатқанда бейтаныс ер адамды байқаған.

Ол қызбен бір аялдамадан түсіп, жұмыс істейтін ғимаратына дейін соңынан ерген.

TikTok-та жарияланған бейнежазбада ер адамның қызды аңдып келе жатқаны көрінеді. Ал қыз ғимаратқа кірген сәтте ол оның бөксесіне қол тигізген.

Қыз полицияға арыз жазған

Зардап шеккен қыз HALYQSTAN тілшісіне құқық қорғау органдарына шағымданғанын растады.

Оның айтуынша, бастапқыда полиция қызметкерлері болған жағдайға жеткілікті мән бермеген. Алайда оқиға әлеуметтік желілерде таралғаннан кейін ер адамды іздеу басталған.

Қыз бұған дейін Қытайда білім алып, жақында Қазақстанға оралғанын айтқан.

Қазір ол өз қауіпсіздігіне алаңдайды. Себебі бейтаныс ер адам оның қай жерде жұмыс істейтінін біледі.

Полиция не дейді?

Астана қаласының Полиция департаменті тұрғыннан арыз түскенін растады.

Ведомствоның мәліметінше, ер адам қызды көшеде аңдып, ғимаратқа кіреберісте оған қатысты әдепсіз әрекет жасаған.

Полиция 27 жастағы ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстады.

Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Ал қыздың полиция қызметкерлерінің алғашқы әрекетіне қатысты айтқан сөздеріне ресми түсініктеме берілген жоқ.

Тегтер: АстанаБасты жаңалықтарБасты оқиғалар
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қарақұрт жұтқан екі жасар қызды дәрігерлер аман алып қалды

Қарақұрт жұтқан екі жасар қызды дәрігерлер аман алып қалды

Жандос Жантаев
16 Қазан, 2026

Маңғыстау облысында дәрігерлер қарақұрт жұтып қойған екі жасар қыздың өмірін сақтап қалды. Бала комаға түсіп, он тәулік...

В Кызылорде водитель сбил мать с коляской и скрылся

Қызылордада жүргізуші сәбиімен жүрген әйелді қағып, қашып кеткен

Жандос Жантаев
16 Қазан, 2026

Қызылордада баласын арбаға салып келе жатқан әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздеу жалғасып жатыр. Жол...

Семейде тоғыз қабатты үйдің балконында газ баллоны жарылды

Семейде тоғыз қабатты үйдің балконында газ баллоны жарылды

Жандос Жантаев
15 Қазан, 2026

Абай облысының орталығы Семей қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің балконынан өрт шықты. Өрт кезінде балконда тұрған газ...

Жеңіл көлік екі жүк көлігінің арасында қалған: СҚО-да үш әйел көз жұмды

Жеңіл көлік екі жүк көлігінің арасында қалған: СҚО-да үш әйел көз жұмды

Жандос Жантаев
15 Қазан, 2026

Солтүстік Қазақстан облысында бес көлік соқтығысқан ірі жол апатынан үш әйел қаза тапты. Олардың бірі балабақша меңгерушісі,...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz