Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Оқиғалар

Жеңіл көлік екі жүк көлігінің арасында қалған: СҚО-да үш әйел көз жұмды

Апатқа үш жеңіл көлік пен екі КамАЗ қатысқан. Тағы екі адам ауыр жарақат алды

Жандос Жантаев
15 Қазан, 2026
Оқиғалар
A A
Жеңіл көлік екі жүк көлігінің арасында қалған: СҚО-да үш әйел көз жұмды
WhatsappTelegram

Солтүстік Қазақстан облысында бес көлік соқтығысқан ірі жол апатынан үш әйел қаза тапты. Олардың бірі балабақша меңгерушісі, қалған екеуі Жамбыл ауданындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері болған. Тағы екі адам ауыр жарақат алды.

Қайғылы оқиға 15 қазанда сағат 08:00 шамасында Астана — Петропавл республикалық тасжолының Кременчуг ауылы маңындағы бөлігінде болған.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына үш жеңіл автокөлік пен екі КамАЗ жүк көлігі қатысқан.

Жеңіл көлік екі жүк көлігінің арасында қалған

Алдын ала мәлімет бойынша, ішінде бес адам отырған Audi автокөлігі екі жүк көлігінің арасында қысылып қалған.

Қатты соқтығыс салдарынан жеңіл көліктегі үш жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды.

20 жастағы жүргізуші мен 57 жастағы жолаушы ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оларға операция жасап жатыр.

Апатқа қатысқан өзге көліктердің жүргізушілері зардап шекпеген.

Қаза тапқандар білім беру саласында жұмыс істеген

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы жол апатында Жамбыл ауданындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үш қызметкері қаза тапқанын растады.

Ведомство марқұмдардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Білім басқармасының түсіндіруінше, әйелдер жеке шаруаларымен жолға шыққан. Сапар олардың қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты болмаған.

Қылмыстық іс қозғалды

Полиция екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Құқық қорғау органдары апаттың нақты себептері мен мән-жайларын анықтап жатыр.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларСҚО
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Семейде тоғыз қабатты үйдің балконында газ баллоны жарылды

Семейде тоғыз қабатты үйдің балконында газ баллоны жарылды

Жандос Жантаев
15 Қазан, 2026

Абай облысының орталығы Семей қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің балконынан өрт шықты. Өрт кезінде балконда тұрған газ...

Журналист Сандуғаш Дүйсенова Қонаев сотында өзіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді

Журналист Сандуғаш Дүйсенова Қонаев сотында өзіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді

Жандос Жантаев
15 Қазан, 2026

Қонаев қаласында журналист Сандуғаш Дүйсенова мен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша сотталушы әйел арасында жанжал шықты....

Өскемендегі конденсатор зауытында ірі өрт шықты

Өскемендегі конденсатор зауытында ірі өрт шықты

Жандос Жантаев
15 Қазан, 2026

Өскемен қаласындағы конденсатор зауытының аумағында ірі өрт болды. Кәсіпорынға тиесілі екі қабатты қойманың шатыры отқа оранған. Төтенше...

Певца Navai задержали на границе Казахстана по подозрению в контрабанде наркотиков

Navai әншісі Қазақстан шекарасында есірткі контрабандасына күдікпен ұсталғаны хабарланды

Жандос Жантаев
14 Қазан, 2026

Әлеуметтік желілерде Navai лақап атымен танымал әнші Наваи Бакировтың Қазақстан шекарасында ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Тараған...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz