4 қазан күні 3-шағынаудан №42 үйдің шатыры өртенген еді. 23 қазан күні оны жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Шатырдың суағарлары, ағаштары, жылу оқшаулағыш материалдары ауыстырылды. Шатыр мемлекеттік сараптамадан өткен жобаға сәйкестендіріліп, жасалды. Жабдықтар мердігер компанияның қаражатына жаңаланды. 
Сонымен қатар қыркүйек айының соңында Б.Соқпақбаев көшесінде 8 пәтерлі тұрғын үйдің шатыры өртеніп кеткен. Бұл үйдің шатырын «Қонаев Көркейту» коммуналдық мекемесі өз қаржысына қалпына келтіріп, жөндеуді аяқтады.




